• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:59:51
Алматы
+35°

Бүгінде мемлекетіміз агро саласын алшаң бастыру бағытында аз жұмыстар жасап жатқан жоқ. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар кеңестік кезеңнен кейін ұмыт қалған тірліктің тініне жан үрлеуде. Соның бірі – қант қызылшасы. Осыдан бірер жыл бұрын Жамбыл облысында қолға алынған шаруашылықтың қазіргі қарқыны көз қуантады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жалпы бұл бастамаға биыл барлық аудандар үн қосқан болса, Меркі ауданындағы Қант зауыты қызылша қабылдауды бастады. Ала жаз бойы шаруалар баптаған балтамыр енді қабылдау пунктіне жөнелтіліп, таразыға таразылануда.

Меркі ауданының қант қызылшасын қабылдау пунктіне жергілікті жерлерден басқа, Т.Рысқұлов пен Шу ауданының шаруалары да өз өнімдерін өткізіп, еңбектің өнбегін көруде. Отандық өнімнің сапасы биыл жоғары. Оны енді жаңбыр мен қар астында қалдырмай, дер кезінде сұрыптап, өндіріс орнына жіберу міндетіне қожалықтар мінсіз кіріскен. Сондықтанда қабылдау алаңындағылар таңертеңнен бастап, түннің бір уағына дейін жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуде. Пункт бір күннің ішінде 3 мың тоннаға дейін қызылша қабылдауға қауқарлы болса, кәсіпорын қазір толық қуатты күшінде жұмыс жасап тұр.

Қызылшамен айналсушыларға жылдағыдай биыл да көмекқаржы беріледі. Зауытпен келісімшарт та жасалып, енді өткен жылдағыдай емес, кешіктірмей төлеу жағы жолға қойылған.

Жалпы Меркі ауданы бойынша биыл 1871 гектар жерге қызылша егілсе, қазір балтамырдағы барлық алқабында тіршіліктің тайқазаны қайнап тұр. Өнімді жинап алу науқаны айдың соңына дейін жалғасады деп күтілуде.

Шындығы керек, осыдан бес жылдай бұрын қолға алынған шаруаның шапағатын барлық шаруалар көріп жатыр. Бастапқы жылдары 6-7 мың гектар жерге қызылша отырғызылса, бүгінде егістік көлемі 10 мың гектарға дейін ұлғайған. Ал облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен биыл қызылша тұқымы қожалықтарға дер кезінде жеткізіліп, Қант зауыттарымен өнімді жоғары бағамен қабылдау жөнінде мәміле бекітілді. Соның арқасында ағымдағы жылы диқаншылар өнімді қайда өткіземіз деп қиналмауда. Тек дала төсенінен дер кезінде жинап алып, Қант зауытына жеткізсе болғаны. Бұл үдеден қазір жамбылдық шаралар толықтай шығуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір