• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:44:14
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Тамның іргесінен табыс тауып отыр

«Қарапайым заттар экономикасын» дамытып, жұртшылықтың табысын арттыруға бағытталған жамбылдық жобаны жұртшылық жылы қабылдағаны анық. Қара халық қораны қазынаға, ауланы табысқа толтыруға болатындығына көзі жетті. Бұны пилоттық он округті аралап шыққан облыс әкімі Асқар Мырзахметов те бұқараға жіті түсіндірді. Осыдан сабақ шығарған ауылдағы ағайын қазір жобаға жан үрлеуге жең түре кіріскен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Рас, ауылдағы ағайынның басым бөлігі табыстың көзін өз ауласынан табуға болатындығын бастапқы да түсінбеді. Сонда ғана ауыл дамиды, елдің еңсесі көтеріліп, жағдайы жақсаратынын да сезінбеді. Алайда биылғы жыл басынан бері облыс әкімі бастаған жұмыс тобы өңірдегі барлық ауылдық елді мекендерге арнайы барып, 138 мың ауланы толық зерделеп шықты.

Жұртшылықтың 60 пайызы ауылда тұратын Жамбыл облысы үшін қарапайым заттар экономикасын дамытудың нақты қажеттілігі туындап отырғаны да ақиқат. Осы мәселе көтерілгелі оған ат салысып, мемлекеттік саясатты қолдап отырған жандар елді мекендерде бүгінде асып жығылады.

Мәселен Жуалы ауданында тұратын Тоқтарбек Спатаевтың отбасы өз үйі маңын қосалқы шаруашылыққа айналдырып, табысын тамның іргесінен тауып отыр.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округініңде тұратын Спатаевтар отбасы өз үйінің ауласын тиімді пайдаланып отырғанымен көпке үлгі. Өткен жылдан бастап, мал және құс шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды қолға алған еңбек адамы қарапайым заттар экономикасы бойынша 2,5 пайызбен несие алу ауыл халқы үшін орасан пайда дейді. Билікөл тұрғыны өз ауласында 200 құс пен 100 ден астам қой өсіріп отырған еңбек адамы.

Ауыл тұрғыны көл маңында тұратын болғандықтан мұнда мал өсіруге, балық шаруашылығын дамытуға қолайлы жер көп. Сулы аймақтың жері де нулы келетінін билікөлдіктер жіті түсінеді. Биыл 120 бас мал бордақылау кешенін салған Тоқтарбек Спатаев бұл жердің табиғи жағдайын ескеріп, қораны да ерекше тұрғызуға күш салған.

Спатаевтар отбасы алдағы уақытта мұнда сүт және ет бағытындағы жұмыстарды жандандыратындығын алға тартып отыр. Ол үшін қора қопсы дайын, ннді әкімдік тарапынан жеңілдетілген несие берілсе шаруашылықты бұдан да ширату мақсаты тұр. Үйінің айналасына гүл отырғызып, жасыл –желекпен көмкеріп отырған отбасы келер көктемде ауласындағы бос жатқан жерге көкөніс егуді де жоспарлауда.

Иә, осылайша қосалқы шаруашылықты дамыту жұмыстары бүгінде Жамбыл облысында қарқын алуда. Бұл тәсіл өңірдің барлық аудандары мен ауылдарында жүзеге асып, билік пен халық арасында нақты түсінік қалыптасады деген үміт зор. Біз бастаманың жемісті боларына бек сенімдіміз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір