• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:23:47
Алматы
+35°

Кейінгі жылдары Жамбыл облысында қызылша шаруашылығы мықтап қолға алына бастағаны белгілі. Тіпті, ағымдағы жылы тәтті түбірдің жоғары сұрыпты тұқымын алу үшін арнайы қаржы қаралып, шаруашылықтарды жаңа техникамен қамту бағытында да көп жұмыстар жасалды. Нәижесінде биыл жалпы мол өнім алынады деп көзделген. Бұл жоспарды жамбылдық шаруалар жүз пайыз орындауға шақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жылпы былтырғы жылдары тәтті түбірдің көлемі 100 мың тоннаға дейін жеткен. Биыл көрсеткіш бұл нәтижеден асып жығылады деп күтілуде.

Иә, бұл сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық. Негізі өткен жылдары облыс бойынша жиналған 17 мың тонна қызылшаны бір ғана Байзақ ауданы өткергенін ескерсек, үстіміздегі жылы да аталмыш елді мекеннің шаруалары қызылша шаруашылығына жең түре кірісіп, Қант зауытынан қап-қабымен, тонна-тоннасымен өткізуде.

Мәселен биыл Байзақ ауданында 1207 гектар жерге тәтті түбір егілсе, аудан диханшылары науқан басталғалы гектарына 416 центнерден өнім алуға қол жеткізіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 151 центнерге артық.

Қазір байзақтықтар қант қызылшасын Тараз қант зауытына өткізуді бастады. Өткізілген жалпы өнім көлемі 220 тонна. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып, көрсеткін еселеп өсетіні даусыз.

Иә, тәтті түбірдің пайдасын жамбылдық шаруалар молынан көруде. Бастапқыда шығыны шаш етектен болған қызылша шаруашылығының қазығы енді дұрыс қағылып, тірлігі тіктеле бастағандай. Оны біз емес шаруалардың өзі айтып, келер жылы егістік алқабын көбейтуге ниетті екендерін білдіруде.

Ал, қазаны қайта қайнап, бойына қан жүгірген қант зауыттары шикізат барда, өндіріс көлемін арттыруға мықтап кірескен. Мәселен, Меркі қант зауытының өзі былтырлары 25 мың тонна өңделген өнім әзірледі. Ал, биыл бұйыртса 100 мыңнан аса тонна қызылша өңделгенде өндіріс орнының өрісі кеңейе түсетіні анық. Сондықтан қызылша шаруашылығының қанаты кеңге жайылып, жылдағы түсім еселене түссін деп тілейік. Одан қара халыққа пайда келмесе, зиян келмесі айқын.

Ендеше науқанға асық ағайын. Дала төсіндегі қазынаны дер кезінде жинап, тәтті түбірдің бал қайнарынан сусындаңыздар. Сіздерді есігін айқара ашып, күтіп отырған Қант зауыттары аз емес. Бірі аудандардың бел ортасында орналасса, екіншісі Тараз маңындағы елді мекендерге қызмет көрсетуде. Сондықтан қазіргі міндет тек өнімді толықтай жинап алу.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір