• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 04:10:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қазан, 2019 NEWS

Алматыда «I БопеForum» өтеді

26 қазанда Алматы қаласында AlmaU университетінде отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасындағы салауатты қарым-қатынас мәдениетін ілгерілету және балаларды тәрбиелеу мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында ата-аналарға арналған I БопеForum форумы өткізіледі.

Қазіргі әлемде отбасылық қарым-қатынас, парасатты ата-ана, «Әкелер мен балалар» мәселелері өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне қатты әсер етеді. Қоғам отбасыларды қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары, қаржылық және психологиялық көмек туралы сауатты және дәйекті ақпараттандыруды қажет етеді. Форум бағдарламасында ашық диалог форматында осы тақырыптар қозғалып, панельдік пікірталастар өткізіліп, оның барысында отбасы институтының өзекті мәселелері мен оның қазіргі Қазақстандағы рөлі талқыланады.

– Форумға дайындық барысында біз балаларды тәрбиелеу және отбасылық құндылықтарды ілгерілету мәселелеріндегі «жауапты» ата-ананың, ажырасу индексін төмендетудің және отбасы институтын сауықтырудың кілті екенін түсіндік. Форумда алғаш рет «мемлекет және отбасы» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Онда «Nur Otan» партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева сөз сөйлейді. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Найла Мұхтарова, сондай-ақ тұрғын үй саясаты басқармасы мен білім басқармасының өкілдері, спикерлер отбасыларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, болашаққа жоспарлар туралы айтып, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.

Бұдан басқа, біз қазіргі Қазақстандағы Отбасы және неке институтының рөлін, оның мәселелері мен болашақтағы дамуын талқылаймыз.  Сондай-ақ форум күні бойы отбасы мен ҮЕҰ-ды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының консультациялық жәрмеңкесі жұмыс істейтін болады. Жылпы айтар болсақ, біз балаларымыздың толық және бақытты отбасыларда өсуі үшін жағдайды өзгертуге көмектескіміз келеді. Осы мақсатта «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоры құрылды, – дейді «Бөпе» «Отбасын және некені жаңғырту қоры» ҚҚ құрылтайшысы Айнұр Ілиясова.

Іс-шара Қоғамдық қордың және Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Форумның ашылуында «Шығармашылық бастама әйелдер Лигасы» ҚБ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әсия Хайруллина, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, AlmaU университетінің ректоры Гүлмира Қорғанбаева құттықтау сөз сөйлейді.

– Форум барлық ата-аналарға, ата-әжелерге, өз балаларының болашағына немқұрайлы қарайтын педагогтар мен тәрбиеленушілерге өткізіледі. Статистика көрсетіп отырғандай, неке бұзу үдерістерінің саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде 1 млн бала толық емес отбасында тәрбиеленуде. Оның 700 мыңы анасымен өмір сүреді, ал 300-і әкесімен тәрбиеленеді. Ажырасу себебі неде және отбасы неге бұзылады? Біз бұл мәселелерді «Отбасындағы әкенің рөлі» арнайы сессиясында талқылап, мәселені ерлер көзімен қарауға тырысамыз.

Бізге отандық эстрада жұлдызы Айбек Джансеитов (әнші Бүркіт), кәсіпкер, YUFRAME жобасының қатысушысы Арман Юсупов, «Синергия» университетінің президенті Бауыржан Қасымбергенбаев, мәслихат депутаты, кәсіпкер және қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген, медиа профессоры және зерттеушісі Молдияр Ергебеков, сондай-ақ БҰҰ-ның халық саласындағы UNFPA қорының бағдарламалық қызметкері Юлия Лысенкова қосылады. «Мен сессия өте қызықты болады деп ойлаймын, және біз одан жаңа ақпарат аламыз деген ойдамыз», – дейді «Бөпе» Неке және отбасы институтын жаңғырту қорының құрылтайшысы Махаббат Райымқұлова.

Форумның бірінші бөлігі отбасын мемлекеттік қолдау және әлеуметтік саясат мәселелеріне арналған, ал форумның екінші бөлігі – білім беру, оның барысында балаларды тәрбиелеу және дамыту тақырыбында оқыту тренингтері мен мастер-кластар ұйымдастырылатын болады. Бұл үшін арнайы іс-шараға ресейлік тәжірибелі психологтар мен сарапшылар – психология докторы, балалардың эмоциялық интеллект саласындағы жетекші ресейлік сарапшы Виктория Шиманская, «Даму» СК негізін қалаушы және бас жаттықтырушысы, Мектепке дейінгі жастағы баланың дене дамуы бағдарламасының авторы Сергей Асташкевич шақырылды. Олар балалардың эмоционалдық, интеллектуалдық, физикалық дамуын дамытудың негізгі тәсілдері туралы баяндайды. Оқыту шеберлік сыныптары мен дәрістерге кіру ақылы.

Билеттерді нөмір бойынша сатып алуға болады – 8 702 515 15 43.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір