• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:35:08
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы дамытуға айрықша басымдық бергені белгілі. Бүгінде Жамбыл облысында Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа үлгісін түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Осы орайда облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы әңгімелеп берді.

–Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға талдау жасағанда, 50%-ға жуығы көпбалалы отбасылар екені анықталды. Мұндай отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 375 теңгеге дейін, айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады. Сонымен қатар, өңірімізде көпбалалы отбасылардың табысы кедейлік шегінен 100 теңге асып кетіп жәрдемақы ала алмағанын да көріп жүрміз. Жаңа өзгерістер осындай әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында жасалынған қадам. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыруға сеп боларына сенеміз. Атаулы әлеуметтік көмек отбасыларға төленетін жалғыз көмек емес. Сондай-ақ балалы отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың әртүрлі түрлерін төлеу қарастырылады. Бұдан бөлек аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік пакет берілетін болады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Ал, мектептегі балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке дейін және кері тегін жол жүру, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет есебінен беріледі,-дейді Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір