• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:26:23
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Патриотизм - кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Расында да, Ұлы даланың ұрпағы ұшқан ұясын ұмытуды ұят санайды. Керісінше, қарлығаштың қанатымен су сепкепкей, қарашаңыраққа қарайласқысы келеді. Міне, сондай үлкен жүректі азаматтың бірі- Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тумасы, «Alga Diamond» компаниясының президенті Жанболат Бекмұсаев. Ол қанша жырақта жүрсе де, туған ауылына қол ұшын созуды естен шығарған емес. Кәсіпкер Сарысу ауданындағы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектеп жанындағы интернет үйінің балаларын киім-кешекпен, азық-түлікпен және жиһаздармен қамтамасыз ете отырып, көмек көрсетуде. Бұдан бөлек Саудакент ауылында «Стритворкаут» спорттық алаңдарының құрылысына демеушілік жасағаны және бар. Сонымен қатар Жанатас қаласында Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне естелік тақта орнатқанын ел біледі.

Қолы ашық азаматтың қайырымдылығы ескерусіз қалған жоқ. Ол былтыр «Жомарт жүрек» жобасы аясында «Жыл меценаты» атанып, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің Алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар белсенді азаматтық ұстанымы үшін ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың дипломымен марапатталды.

-«Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары» дейді халық даналығы. Кіндік қаның тамып, балалық шағың өткен, тәлім-тәрбиесімен талпындырған, үлкен өмірге жол сілтеген ауыл қашанда қымбат. Қашанда ыстық. Туған жердің киесі мен қасиеті туралы Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұнды мақаласында да кеңінен тарқатып, керемет ой салды.

Шетелде 10-15 күн болып, елге қайтып келе жатқанда бойымды сағынышпен қатар мақтаныш сезімі де кернейді. Қаймағы бұзылмаған қазақылығымыздың өзі үлкен қазына. Ұшы-қиыры жоқ ұлан ғайып атырап, бабадан қалған байтақ мекен -ең басты байлығымыз. Сол байлыққа қайтып келе жатқаныма қуанамын. Сыртта сылдыр судың өзін әжептәуір ақшаға сатып аласың. Ал біздің елде су дегеніміз тиын. Сонда осындай бай елде тұратыныма шүкір деймін. Әлбетте, оның барлығы Елбасының көрегендігі мен сындарлы саясатының арқасы. Мен 2006 жылы қажылық парызымды өтеп келдім. Сонда жүріп араб жігіттерінің ішінен университетте оқитын азаматты аттай қалап, өзіме ұстаз еттім. Қажылық барысында қасымда жүріп, білгенін үйретуге тырысты. Ол бір сөзінде Қазақстанның ислам дінін ұстанатын елдердің ішінде өте тәртіпті ел екендігін жеткізді. Сол секілді өзіміздей азаматтар әлемге еліміздің қандай екендігін дәлелдеуіміз керек,-дейді Жанболат Бекмұсаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір