• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:31:14
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Жүйелі жұмыс әркез жемісін береді  

 

Ел саясатының бір ұстанымы – жасыл экономика екені белгілі. Бүгінде бұл бағытта қолға алынып жатқан ауқымды бастамалар аз емес. Әрине аталған мемлекеттік саясаттың астарында баламалы электр көздерін шығару арқылы, жарыққа тәуелділікті жою жатқаны белгілі. Сондықтан Жамбыл өңірі де бұған жең түре жұмылдырылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бүгінгі күні облысымызда «жасыл экономиканы» дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Біріншісі Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату. Екіншісі Электроэнергетика саласын дамыту. Үшіншісі Ауа ластануын азайту. Төртіншісі Су ресурстарын тиімді пайдалану. Бесіншісі Ауыл шаруашылығын жаңғырту. Алтыншысы Қалдықтарды басқару және жетіншісі Экожүйелердітиімді басқару.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату бағытында

өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша 2011-2017 жылдары жалпы 4,5 миллиард теңгеге 280 көппәтерлі тұрғын үй жөнделген.

РБ бөлінген (2011-2015 жж.) 2,4 миллиард теңгеге 172 үй жаңғыртылған.

Қайтарымды қаражат есебінен (2013-2018 жж.) 1,7 миллиард теңгеге 93 үй жөнделіп, сапалы жұмыстар атқарылды.

Жергілікті бюджет есебінен (2018 ж.) 320,0 миллион теңгеге 15 үй жөнделді. 2018 жылы қайтарым қаражат және жергілікті бюджет есебінен барлығы 39 үй жөндеуден өтіп, жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 23 пайыздан 20,5 пайызға төмендеді.

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында үйдің шатырын, кіреберісін, жертөлесін, қабырғасын жылыту және оқшаулауда терможаңғырту элементтері қолданылды.

Облыс бойынша көше жарығының (жалпы ұзындығы 1123 шақырым немесе 32 500 дана шамдарды құрайды, оның ішінде 212 шақырым немесе 7 825 данасы) 24,1 пайыз энергия үнемдеу шамдарына ауыстырылған.

Міне, осылайша жүйелі жұмыс өз жемісін беруде. Әрине Өңірлердің дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты үйлер жөнделіп, тұрғындардың қуанышын еселеп жатқаны қуантарлық нәрсе. Сондықтан баянды бастаманың болашағы анық болғай деп тілейміз. Және облыс орталығындағы бұл бағыттағы жұмыстар тек жұртшылықтың ырыздығына айналып, жақсылығына жұмсалсын. Сонда ғана келешегіміздің кемелі болмақ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір