• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:02:39
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Әріптестік аясында 172 көше жарықтандырылады

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бүгінде бағдарын тапқан бастамалар аз емес. Бұл бір қырынан билік пен кәсіпкер арасын жақындата түсті. Жамбыл облысында мәмілеге келіп, осынау жобаға жан үрленіп жатқан тірліктер аз емес, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Мәселен облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Тараз қаласындағы қолданыстағы 172 көшеге жарық шамдарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында, жаңғырту жұмыстарын жүргізуді қолға алуда. Осыған орай, мемлекеттік – жекешелік әріптестік бағытында 16 079 дана жарық диодты шамдары мен 95 дана басқару аппараттарын орнату жоспарланған және қаражат көлемі шамамен 3 195 929 мың теңгені құрайтын болады.

Аталған бағдарлама шеңберінде, қызығушылық танытып отырған «Аltocom Asia» ЖШС мен концорциум «Еverlight Alto» бірлестігінің қаржы - экономикалық жобалық моделіне сәйкес, көше жарықтарын жарық диодты шамдарға ауыстырған жағдайда, электр энергиясының шығынын 50 пайызға төмендету есептелген.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (әрі қарай- МЖӘ) жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130- тармағына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік – жекешелік әрітестік бағытында бастмашылықты іске асыруға өтінімдерін ұсынды. Оның ішінде әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын; мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін); заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді; осы Қағидалардың 128-тармағына сәйкес объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын немесе әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттарды; әлеуетті жекеше әріптесте тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың болуы туралы тиісті уәкілетті органның растайтын хатты; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрылымда әзірленген МЖӘ жобасына бизнес-жоспар. Бұл ретте МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық моделін МЖӘ жобасының бастамашысы әзірленді және МЖӘ жобасына бизнес-жоспар құрамында ұсынылып отыр. Бұл сөз жоқ жемісін берер жобалар екені даусыз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір