• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:22:36
Алматы
+35°

Темір жол – экономиканың күретамыры. Өйткені оның бойымен күндіз-түні үздіксіз жүйткіген пойызбен сан мыңдаған тонна халық шаруашылығы жүгі мен мыңдаған жолаушы тасымалданады. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты жолдың ұзындығы, кірме жолды қоспағанда, 20 мың шақырымға таяу екен. Сондықтан бұл саладағы жұмыс өте ауқымды, аса күрделі. Бұл жұмыстар дұрыс ұйымдастырылса, мемлекетке қыруар табыс та әкеледі. Әсіресе еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алыс-жақын шетелдермен алыс-беріс көбейгені белгілі. Қазақстанның географиялық жағынан тиімді орналасуы бұл саланың дамытылуына да өте ыңғайлы, батыс пен шығысты байланыстыратын темір жолдар ел аумағын көктей өтіп жатыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазастан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында теміржол саласын одан ары дамыту міндетін айқындап берді.

Әрине, қандай маңызды міндет болмасын білікті кадрлар арқылы жүйесін табады. Осы орайда жмбылдық теміржолшылардың да еңбегі ерен. Міне, сондай майталман маманның бірі Бейсенбай Жаңбырбаев теміржол саласын дамыту ел экономикасының қарқынды өрлеуіне жол ашатынын айтады.

«Елбасының сарабдал саясатның арқасында алыс-жақын шетелдермен алыс-беріс көбейгені. Бұл тұрғыда мемлекет басшылары өзара тиімді келісімшарт жасасу арқылы, әсіресе жүк тасымалы көлемін көбейтті. Яғни алдымен бұл ретте транзиттік контейнерлер жүйесінің жұмысы жандандырылды. Өзімнің осы үлкен істің басы-қасында жүргенімді әрқашан мақтаныш етемін. Оның ішінде Қытай темір жолының Үрімші бөлімшесімен екі аралықтағы жүк тасымалын жақсы жолға қою жөнінде де тиімді жобалар бар. 2008 жылдан бері Қазақстан болат жолдың бойымен жүк тасымалдаудағы мүмкіндігін барынша пайдаланып, Қытай, ТМД, Балтық, тіпті Еуропа елдеріне де кең жол ашты. Сөйтіп контейнерлік жүк пойыздары тұрақты түрде жүре бастады»,-дейді Б.Жаңбырбаев.

Соның ішінде Қытайдың Чунсин және Германияның Дуйсбург қалалары бағыттарындағы контейнерлік пойыздарды Қазақстан аумағымен сәтті өткізу ісіне оның алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде Бейсекең де зор үлес қосты. Сондай-ақ оның «Достық» бекетіндегі Қытаймен жүк алмасу жұмысына білікті маман ретінде араласқанын да ешкім жоққа шығара алмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір