• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:31:43
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы денсаулық сақтау саласында да кеңінен жүзеге асуда.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша 4952 медициналық қызметкерлердің жұмыс орны толығымен компьютермен қамтылған.

Тараз қаласы мен аудан орталықтарында 391 медициналық мекеме бар. Оның ішінде медициналық ақпараттық жүйеге қосылуға тиіс мекемелер саны - 370. Интернет желісіне қосылғандар саны - 352. Бұл 95 пайыздық қамтылуды құрады. Ал меже қала және аудан орталықтары деңгейінде 100 пайызды құрайды.

Жамбыл облысы медициналық ұйымдары 2 медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. «Elsi Med» медициналық ақпараттық жүйеcінде 14 ұйым және 33 ұйым «Damu Med» медициналық ақпараттық жүйеcінде.

Ақпараттық жүйелерге 1 060 302 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. Бұл «Халықты тіркеу регистрі» бойынша ақпараттық жүйесінде тіркелген 1 121 133 халық санының 94,6 пайызын құрады.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің ДСМ-48 бұйрығына сәйкес, 233 бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 203 – і толығымен сандық форматта медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізілген.

Облыста барлық «Алғашқы медико-санитарлық көмек» ұйымдарында 52 цифрлық сауаттылық постары ашылған. Жамбыл облысы бойынша пилоттық жобаның басынан бастап цифрлық дағдыларға оқытылған халық саны 775 507 құрады, ал 2019 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша цифрлық сауаттылық постары арқылы 261 809 халық ақпаратпен қамтамасыз етілді.

«Damu Med» медициналық ақпараттық жүйеcіндегі мобильдік қосымшаға 45 714 адам тіркелген. 2019 жылдың 6 айлық қорытындысымен скрининг, флюро тексеруден, және дәрігерге дейінгі кабинеттерден міндетті түрде өту туралы жіберілген (PUSH) хабарламалардың жалпы саны - 872 058.

Қазіргі таңда 2 310 496 рет электронды жазылу арқылы дәрігердің қабылдауына жазылған. 24 325 электронды еңбекке жарамсыздық парағы ашылған. Оның ішінде - 18 646-і QR-код таңбасымен тіркелген. Сонымен қатар, 17 416 электронды еңбекке жарамсыздық анықтамасы жұмыс істеуде. Оның ішінде 12 683-і QR-код таңбасымен ашылған.

Нәтижесінде емханаларға келуі 2 есе төмендеп, мобильді қосымша арқылы алдын-ала дәрігерге жазылу нәтижесінде кезек күту 30 пайызға төмендеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір