• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:52:26
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

17 Қазан, 2019 Аймақтар

Теміржол-экономика күретамыры  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемен елімізді дамыту бағытындағы міндеттер қатарында көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Өйткені, жол да, көлік тасымалы да экономиканың өзегі іспеттес. Расында да көлік – ел экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі әрі бірегейі. Нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешен болмайынша мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дами алмайды. Бұл ең алдымен, теміржол көлігіне қатысты, сол арқылы халықаралық және аймақаралық жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі жүзеге асырылады. «Теміржол – ел экономикасының күретамыры» деп сондықтан да бекер айтылмаса керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында да бұл мәселеге айрықша назар аударылды. Бүгінде Жамбыл облысында да бұл тұрғыда жемісті жұмыстар атқарылуда. Жамбыл Жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловтың айтуынша, Жолдау жүктеген міндеттер қазірдің өзінде іске асрылуда.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында темір жол саласына тоқталып өтті. Мемлекет басшысы темір жол саласындағы қолдан жасалатын билет тапшылығын жоюды және оны тез арада қолға алуды тапсырды. Мұнымен қоса, Президент бүгінде басым бағыттың бірі болып отырған «қарапайым заттар экономикасын» да ұмытпауды ескертті», - деп атап өтті бөлімше басшысы.

Б.Ақшаловтың айтуынша, жалпы, саладағы кемшіліктерді жойып, жұмысты жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның бірін атап айтар болсақ, «Жолаушылар тасымалы» пойызына билет алу биыл 1 шілдеден бастап автоматтандырылған жүйе арқылы іске асырылып келеді.

«Электронды теміржол билеттері фискалды чек ретінде саналып, жолаушыларды есепке алу мен отырғызуға негіз болады. Бұл өз кезегінде мұндағы алыпсатарлардың заңсыз әрекеттері мен өзге де бірқатар қитұрқылықтардың алдын алуға сеп болуда. Әйткенмен, кейбір кемшіліктер түп-тамырымен жойылды деп те айта алмаймыз. Сондықтан алдағы уақытта Президент Жолдауы аясында осы бағытта жұмысымызды жетілдіріп, жандандыра түсетін боламыз», - деді саланың жауапты маманы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір