• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:20:22
Алматы
+35°

Еліміз егемендік алғалы бері ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та салаға серпіліс сыйлау мақсатында стратегиялық мақсаттар қойып отыр.

Бұл тұрғыда Президент: «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.

Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет,

Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек» деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында мал шаруашылығын дамытуда бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Мысалы, Қордай ауданында «Kazmeat Kordai» ЖШС-нің бордақылау алаңы қайта құру арқылы жылына 8,0 мың бас мүйізді ірі қара бордақылауға қауқарлы ірі кешенге айналады. Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімді концепция қабылданып облыста 2018-2027 жылдар аралығында жаңа 61 сүт-тауар фермасы іске қосылады, осыдан 12 сүт тауарлы фермасы сауын сиыр саны 400 басты құрайтын ірі кешендер.

2019 жылы 4 ферманың құрылысы жоспарланған. Солардың қатарында бір ферма 1 200 басқа арналған кешен. Оны «Гамбург» ЖШС салуда.

Жамбыл облысы бойынша, 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды қолдау бағдарламасына 3,65 миллиард теңге бөлініп толық игерілді.

Сонымен қатар Жамбыл облысында құс шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Тағамдық жұмыртқа, етін өндіруді арттыру мақсатында «Аса даму» ЖШС, «Әулие-ата Феникс» ЖШС құс фабрикалары кеңейту, модернизациядан өтуде. Байзақ ауданында «Аллель Агро» ЖШС құс фабрикасын іске қосу жұмыстары жалғасын табуда.Осы шаралардың арқасында облыста өндірілетін құс етінің көлемі 2 есеге артады деп күтілуде, ағымдағы жылдың өзінде 224,7 тонна құс еті экспортталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір