• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:34:46
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыруға, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға баса назар аударылды. Жұртшылықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында мемлекеттік бағдарламалардың тигізер шарапаты мол. Бұл тұрғыда Жамбыл облысында да жемісті жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы игі істерге ұйытқы болып келеді.

Жалпы, басқарманың негізгі бағыттарының бірі - «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру болып табылады. Басқарма басшысы Тимуржан Нұрымбетовтың айтуынша, «Еңбек» бағдарламасы аясында 2019 жылға барлығы 11,6 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінді.

-2019 жылдың 1-қыркүйегіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 22906 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына - 8842 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 3081 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1440 адам, жастар практикасына 2108 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 4609 жұмыссыз тартылды. 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыса, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 575 адам оқуға жолданды. Сонымен қатар 597 адам шағын несие, 446 адам грант алды,-дейді басқарма басшысы.

Аталмыш бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1655,5 миллион теңге бөлінген.

Соның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 1108,7 миллион теңге қаралыпты. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 770 адам оқуға жолданған.

Ал қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 546,8 миллион теңге қаралды. Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында өтеді. 1-ші қыркүйекке қысқа мерзімдік оқытуға 3081 адам жолданған. Оқуды бітірген 1755 адамның 464-і жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін оқуын аяқтағандардың кемінде 60 пайызын жұмысқа орналастыру межеленіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір