• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:30:43
Алматы
+35°

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі мақсаты-әлеуметтің әлеуетін арттыру, тұрғындардың табысын еселеп, тұрмысын жақсарту. Осы мақсатта Жамбыл облысында оңды істер жүзеге асуда. Бүгінде аталмыш байдарлама аясында 2019 жылға барлығы 11,6 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлініп, игерілуде.

Аталмыш бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1655,5 миллион теңге бөлінген.

Ал бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 5284 адамды қамтуға 7372,7миллион теңге қаржы қарастырылған.

-Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 1200 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, жыл басынан 1208 адам оқуға жолданып, 1054 адам оқуын аяқтап, оның ішінде 137-і шағын несие алса, 75 адам қайтарымсыз грант алды. Бұдан бөлек «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 575 адам оқуға жолданып, 266-ы оқуды аяқтап, 98-і қайтарымсыз грант алды.

Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 6147,6 миллион теңгенің шағын несиесі 1301 адамға беріледі деп жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне ауылда 538 адам 2905,0 миллион теңгенің шағын несиесін алды.

Сонымен қатар, қалада 90 адамға несие беруге барлығы 1036,6 миллион теңге қаралды. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары басталды. Қала бойынша 59 адам шағын 770,9 миллион теңге несие алды,-дейді Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

Осы бағыт аясында 1783 адам 889,5 миллион теңгенің грантын алуда. Соның ішінде 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Жастар жылына орай 329 грантқа 166,1 миллион теңге және көп балалы аз қамтылған отбасылары үшін 611 грантқа 308,5 миллион теңге, ұлттық қордан 800 адамға 404,0 миллион теңге, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 43 грантқа 10,9 миллион теңге қарастырылып, игерілуде. Есепті мерзімде барлығы 446 адам 214,6 миллион теңге қайтарымсыз грант алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір