• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:15:09
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саятының нәтижесінде Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған тапсырмаларға сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар тіптен жандана түсті.

Биылғы жылдың 1 тамызына дейін облыстағы барлық санаттағы шаруашылықтарда тірі салмақта 60 981,8 тонна ет өндіріліп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1903,6 тоннаға немесе 3,2 пайызға артқан. Сонымен қатар барлық санаттағы шаруашылықтарда 182581,2 тонна сүт өндіріліп, алдынғы жылмен салыстырғанда 5136,8 тоннаға, яғни 2,9 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың 7 айында 76 543,6 мың дана тағамдық жұмыртқа өндіріліп, өткен жылға қарағанда 8,5 пайызға артты. Шаруашылық субъектілерінде 5 016,7 тонна жүн өндіріліп, алдынғы жылға қарағанда 2,3 пайызға артық болды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауылшаруашылығы малдарының барлық түрлері бойынша тұрақты өсу динамикасы байқалуда. Мысалы, мүйізді ірі қараның саны 2019 жылдың 1 тамызына 440 425 басты құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 29079басқа өсті. Яғни, 7,1 пайыздық өсім бар. Соның ішінде сиыр саны 187369 басқа жетіп өткен жылмен салыстырғанда 13836 басқа яғни 8,0 пайызға артты. Қой мен ешкі 3323121 басқа жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 124457 басқа, яғни 3,9 пайызға өсті. Жылқы саны 2019 жылдың 1 шілдесіне 141904 басты құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 10296 басқа, яғни 7,8 пайызға өсті. Сондай-ақ, түйе саны 7405басты құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 553 басқа немесе 8,1 пайызға көбейді.

Жамбыл облысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елден 36,0 мың басқа жуық мүйізді ірі қара малының аналық басын сатып алу жоспарланған.

Өткен жылы «КазАгро» ҰБХ несиелік қаржы институттарына арқылы 8208 бас мүйізді ірі қара сатып алуға 34 шаруашылықтан өтінім түскен, осыдан 7818 басқа мақұлданып нақты 1 703 бас әкелінді. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында 77 тауарөндірушіге 948,6 миллион теңге несие беріліп 32,2 мың бас қой сатып алынды, 2017 жылы осы бағдарлама арқылы 18,4 мың бас қой сатып алынған болатын. Ағымдағы жылы қаржы ұйымдарына осы бағыт бойынша 4550 бас мүйізді ірі қара сатып алуға 37 өтінім түсіп, мақұлданған (2104 бас) 26 өтінім бойынша 1694 бас мүйізді ірі қара сатып алуға 656,0 миллион теңге бөлінді.Жыл басынан бері облысқа 2912 бас мүйізді ірі қара малы алып келінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір