• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:25:54
Алматы
+35°

Стратегиялық нысан саналатын теміржол бойындағы қауіпсіздік қашанда қырағы күзетте. Биылғы жылы Алматы облысы, Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткеліндегі жағдайдан кейін болат жолдың бойындағы тәртіп тіптен күшейе түскен. Бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ы филиалы - Жүк тасымалы – Жамбыл бөлімшесі мен Жамбыл магистральді желі бөлімшесіне қарасты өңірде 74 темір жол өткелі бар екен.

«Жоғарыда атап өткен өткелдердің қатарында Бурыл-Жаңатас және Жамбыл-Шу теліміндегі темір жол өткелдерінде күзет жоқ. Тек Жамбыл облысы орталығындағы екі-үш өткелде ғана күзет бар. Олар өткел күзетушісі-кезекші және «»Әскериленген темір жол күзеті» АҚ-ы Жамбыл филиалының сарбаздарымен күзетіледі. Тараз қаласында көлік жүргізушілері үшін үлкен мәселе тудырып отырған «Қаратау өткелі», 5 шақырым – «Ауыл береке» базары мен 11 шақырымдағы Асқаров көшесінің соңындағы орталық базарға баратын өткелдер мен Тараз қаласының іргесіндегі Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы өткел күзетілмейді. Сондай-ақ, 28 шақырымдағы Жамбыл-Талас бағытындағы өткел мен Қант зауытына баратын өткел күзетіледі. Бұл өткелдердегі үлкен мәселе – адами фактор. Жаяу жүргіншілер көп. Сол жағын да ескеріп отырмыз. Ал осы мәселе бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ы басшылығы мен Жамбыл облысының әкімдігіне бірнеше рет хат түсірдік. Әлі тұщымды жауап болмай отыр», – дейді Жамбыл магистральді желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Ермек Мұсабеков.

Өткен жылы ғана Жүк тасымалы – Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловтың бастамасымен Жергілікті жол потурльдік полициясының қызметкерлері күз айларында бірнеше рет рейд өткізді. Сол жолы «Қаратау өткелі», 5 шақырымдағы «Ауыл береке» базары мен Асқаров көшесінің соңындағы 11 шықарымдағы өткелдерде жүргізушілерге жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше хаттама толтырылған.

Ия, заңның аты-заң. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзі ойға оралады. Ең бастысы бекітілген ережені қатаң сақтаған абзал. Ал темір жол саласының жауапты мамандары бұл бағыттағы бақылау шараларының үнемі басты назарда болатындығын айтып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір