• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:11:26
Алматы
+35°

Теміржол саласының ел экономикасының өзегі, мемлекеттің қуатты күші екеніне дау жоқ. Бүгінде 20 миллионға тарта жолаушы тасымалдың осы түрін таңдайтынын назарға алсақ, ірге қалағанына жүз жылдан асқан шойын жолдың қазіргі ахуалы жыл санап қарқынды өркендеу үстінде. Ал бүгінгі межеге жету жолында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы зор болғанын білеміз. Сонымен қатар еліміздегі білікті, тәжірибелі кәсіби теміржолшылардың маңдай тері сіңді, аянбай еңбек етті. Нәтижесінде Қазақстан теміржол саласы соңғы жылдары өндірістік және техникалық әлеуеті жағынан айтарлықтай ілгеріледі.

Айталық, бір ғана Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі жыл басынан бері жүк артып, түсірудің межесін 6 043 000 тонналық 91 025 вагон деп жоспарласа, бұл 6 129 891 тонналық 91 579 вагонға дейін жеткен. Осылайша жоспар 106,68 пайызға артығымен орындалыпты. Яғни, бұл сандардан жүк тасымалының 80 891 тоннаға немесе 554 вагонға артқанын аңғарамыз. Ал мұны былтырғы көрсеткішпен салыстыра қарайтын болсақ, 453 975 тонналық 6 565 вагонға немесе 108,00 пайызға ұлғайған.

Аталған цифрлар жайында Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының логистика жұмыстары жөніндегі орынбасары Әділ Түсіпов әңгімелеп берді.

Теміржол десек, көз алдымызға екі иығынан дем алып, жүздеген жүк тиелген вагондар мен цистерналарды сүйреген еңбеккер құмырсқалар тәрізді локомотивтер, жолаушылары жайлы вагондарын уақытша ұя еткен тепловоздар және солардың үздіксіз қызметі үшін қыста аязды, жазғы аптапта рельс бойында жүретін адамдар – теміржолшылар келеді.

Әділ Түсіповтің айтуынша, теміржолшы мамандығы – ерлік пен үлкен жауапкершілікті талап ететін кәсіп. Мәселен, сала қызметкерлері биылдың өзінде таскөмір тасымалын 113 пайызға артығымен орындап тастаса, мұнайды – 109 пайызға, химикаттарды – 112 пайызға, өндірістік шикізатты – 111 пайызға, граншлакты – 132 пайызға, қант, жеміс-жидектерді – 133 пайызға, тұзды – 322 пайызға, цементті – 105 пайызға, контейнерлік жүктер – 117 пайызға және қалдық жүктерді 194 пайызға артығымен тасыған.

Бұл сандарды да былтырғы көрсеткіштермен салыстыра қарайтын болсақ, жұмыстың едәуір ұлғайғанына көз жеткізе түсеміз. «Өткен жылы мұнайдың тасымалы 215 пайызды құраса, түсті металдың тасымалы – 120 пайызды, химиялық тыңайтқыштар – 112 пайызды, химикаттар – 101 пайызды, өндірістік тыңайтқыштар – 111 пайызды, граншлаг – 185 пайызды, көкөністер – 114 пайызды, тұз – 288 пайызды, бидай – 362 пайызды, контейнерлік жүктер – 120 және қалдық жүктер 105 пайызды құрады», - дейді бөлімше директорының орынбасары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір