• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:41:34
Алматы
+35°

Жуырда «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловтың төрағалығымен үлкен жиын өтіп, онда екі аптаға жуық уақыт бөлімшенің құрылымдық мекемелерінде жүргізілген күзгі комиссиялық байқаудың қорытындысы шығарылды. Жиында бөлімшеге қарасты бірқатар құрылымдардың басшылары баяндама жасады.

Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшесінде де қысқы кезеңге дайындық жұмыстары қыза түскен. Филиалдың қысқы кезеңге дайындығын комиссиялық тексеру жұмыстары аясында инфрақұрылымның, қозғалмалы құрамның және өндірістік-техникалық нысандар мен қызметтік өткелдердің, перрондардың жағдайы мен жұмысшылардың арнайы киімдермен қамтылуы қаралған. Оған қоса, техникалық жабдықтардың және олардың бөлшектеріндегі ақауларды анықтау, қозғалыс және еңбек қауіпсіздігінің жағдайын пысықтау жұмыстары да жүргізіліп, анықталған ақаулар монинторингін жүргізу, жұмысшылардың кәсіби біліктілігінің дайындығы деңгейін саралау, жұмысшылардың техникалық оқуларын жүргізу және ұйымдастыру сынды шаралармен бөлімшенің қысқа дайындығы бір пысықталды.

Филиал бойынша алғашқы «қыстаушы» қызметкерлер толық оқытудан өтіпті. Қызметкерлердің барлығы арнайы киімдермен, аяқ киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, алдын алу жұмыстарына арналған түрлі керек-жарақтардың қажетті қоры жасақталып, станциялардағы механикалық және электронды таразылардың жай-күйі тексеріліп, қорытындысы алыныпты.

Жалпы, баяндамалардан белгілі болғаны – күзгі комиссиялық байқаудың нәтижесі Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің және оның барлық салалық құрылымдарының қысқа дайындығы тұрақты екенін көрсетті. Бұл ретте ОП-115, Боранды, Шығанақ және Үшбұлақ станцияларының көрсеткіштерін ерекше атап өткен жөн.

Жалпы, жиын соңында айтылған барлық мәселелер бойынша қаулы шығарылып, кемшіліктердің бәрі алдағы уақытта назардан тыс қалмас үшін басшыларға жеке-жеке тапсырмалар жүктелді. Мәселен, Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері А.Кимге жұмысшылардың техникалық білімін қадағалап, оны жетілдіру ісі қатаң жүктелсе, Жамбыл магистральды желілері бөлімшесінің директоры А.Кукузовке ескертпелердің мерзімінде орындалуы мен құрылымдық басшылардың пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуын қадағалау бойынша атқарар жұмыстарын жүйелеу тапсырылды.

Ал хаттамалық шешімнің жалпы орындалуын бақылауды бөлімше директоры Б.Ақшалов өз міндетіне алды.

Жалпы, жоспарлы тексеру барысында қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесінің қызметіне және оның ұйымдастырылу деңгейіне, техникалық құралдарды ұстап тұру бағытындағы қолға алынған шаралардың тиімділігіне баға беріліп, кеткен кемшіліктерді жойып, апатсыз жағдайда жұмыс істеуді қамтамасыз етудің жоспар-сызбасы жасалды. Бір сөзбен айтқанда филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелері қысқы кезеңге дайын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір