• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:12:05
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы Жамбыл облысындағы Шу ауданында да жүйелі жүзеге асуда. Бүгінде аталған аймақта тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар 30502 адамды, яғни жергілікті халықтың 29,9 пайызын құрап отыр.

Бүгінде аудандағы спорт мектептерінде 1939 оқушы тіркелген. Ал «Тарлан» спорт кешеніне және жекеменшік спорт секцияларға баратындар саны 531 адамды құрайды.

Аудандағы білім мекемелерінде 477 әртүрлі спорттық секция жұмыс атқарады. Ол жерге 8639 бала қамтылған. Сонымен қатар аудандағы 8 мектептен тыс мекемеде 145 спорттық секция жұмыс атқарады. Оларға 2570 бала тартылған.

Жыл басынан бері Шу ауданы бойынша барлығы 62 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 14512 адам қамтылған. Спорттық іс-шаралар ішінен жүйелі және ауқымдырақ өткізілгендер аудандық көше, аула, зияткерлік ойындары фестивалдері, ұлттық спорт түрлері бойынша тоғызқұмалақ, көкпар ойыны мен қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» аудандық жарыстары мен ауыл жасөспірімдері және Халық спорты ойындарынан аудандық іріктеу жарыстарын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, аудан құрама командалары облыстық спартакиадаларға қатысып жоғарғы деңгейде өнер көрсетуде. Атап айтатын болсақ, 2019 жылдың 19-20 шілде аралығында Тараз қаласында өткен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиадада аудан құрама командасы жоғарғы ойын өрнегін көрсетіп 34 командасының ішінде жалпы командалық жүлделі орынға ие болды.

Тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануға кол жетімділігін арттыру мақсатында ауданда 190 спорт нысаны қнақтыланған. Аталған спорт нысандардың 90 пайызы аудандық жалпы білім беретін мектептерге тиесілі.

Спорт нысандарының барлығы дерлік ауыл тұрғындарына спортпен айналысуына қолжетімді. Спорт нысандарының ауыл тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың үлгілік ережесі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен әзірленіп бекітілген.

Тағы бір айта кетерлігі, ауданда кейінгі жылдары жаңа спорт нысандарының құрылысы көптеп жүргізілуде. Солардың бірі Сауранбаевтар әулетінің демеушілігімен 2018 жылы Ескішу тірек ауылдық округі, Белбасар ауылында жаңадан соғылуда. Спорт нысанының қабылдау мүмкіндігі - 200 орындық. Оған бөлінген жер телімі- 0,26 гектар. Спорт залдардың жалпы саны 4, оның ішінде, 1 ойын спорт залы, 1 күрес залы, 1 бокс залы, 1 ауыр атлетика залы. Нысанның жобалық сметалық құны 550 миллион теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары 2018 жылдың 29 сәуірде басталған болатын.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір