• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:51:51
Алматы
+35°

Нарықтық экономика кезеңінде кәсіпкерлікті дамытуға ден қоймаса болмайды. Сондықтан да мемлекет тарапына ауыл шаруашылығын алға бастырып, шағын және орта кәсіпкерлікті өрістетуге көптеп көңіл бөлінуде. Бұл бағытта бұрыннан қалыптасқан бай тәжірибе бар. Өйткені, Елбасы азаттықтың алғашқы жылдарынан «Әуелі экономика, сонан соң саясат» деген қағидамен дамудың даңғыл жолын көрсетіп берді. Ал Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында берген тың тарсырмаларынан кейін бұл бағыттағы жұмыстар тіптен қарқын ала түсті.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында агросектор да, бизнес саласы да бұрынғыдай әлдеқайда дамып келеді. Мысалы, биылғы қаңтар-тамыз айларында аймақ бойынша

ауыл шаруашылығында 131,8 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 3,9 пайызды құрады. Бұл республика өңірлері аралығындағы бесші оң көрсеткіш.

Мал шаруашалығында ет өндірісі – 3,6 пайызға, сүт өндірісі – 2,9 пайызға, жұмыртқа өндірісі – 6,5 пайызға артты.

Өткен жылы республика бойынша экспортталған қой етінің 43 пайызы, яғни 1,6 мың тонна облысқа тиесілі болған. Биыл бұл меже көбейтіліп, 8 айдың қорытындысымен 718,5 тонна экспортталды.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 687,2 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға немесе 2,7 пайызға артты.

Суармалы жерлерді көбейту үшін өткен жылы құрылған мехотряд 62 шақырым каналдарды тазалап 4 713 гектарды қалпына келтірді.

Осының есебінен, көкөніс-бақша, картоп және дәнді дақылдарына басымдық беріліп, көлемі ұлғайтылды.

Жалпы, облыста агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2019 жылы 14,6 млрд. теңге субсидия қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 5,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 8,7 млрд теңге бөлінген. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 8,0 млрд. теңге бюджеттік қаражат игерілді,

Сондай-ақ облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 70,1 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 111,8 пайызды құрады.

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2019 жылы 1777,3 млн. теңге бөлініп, үлкен қолдау көрсетілуде. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 1688,8 миллион теңге игерілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір