• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 14:08:20
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылда құрылыс көлемі артты

Өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде Жабыл облысы республика деңгейінде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Аймақта қай салада болмасын өсім бар. Әсіресе, құрылыс саласында қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді.

Биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 62,8 млрд.теңгені құрап, 2,5 пайызға артған.

Жыл басынан 333,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, көрсеткіш 7,3 пайызға өсті.

Тарқата айтқанда биыл 260 пәтер көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасыларына берілді.

Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында облыста жоспарланған 12 жатақхананың 8-інің құрылысы басталды.

Жалпы, тұрғын үй кезегіндегі 2661 көп балалы отбасының 924-і баспанамен қамтылады.

Жеке тұрғын үй құрылысына 2877 жер телімі беріледі. Бұдан бөлек, тек электр қуатын тарта отырып 3722 жер телімін беру қарастырылуда.

«7-20-25» бағдарламасы аясында 419 адам өтініш беріп, 231-і қолдау тапты. 207 азаматқа 1,4 млрд. теңгеге несие рәсімделді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаралған 17,6 млрд. теңге есебінен 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 28 үй - 2019 жылы тапсырылуы тиіс, ал 2 арендалық үй – 2020 жылға өтпелі. Сонымен қатар 38 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысы жүргізіліп, 31 жоба іске асырылды.

Нәтижесінде, 1673 пәтер пайдалануға беріліп, 4654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 48 жоба іске асырылуда, оның бірі, көптен өзекті болып келген «Меркі-Шу-Бурылбайтал» көлік жолының құрылысы жүргізілуде.

Жол саласында 602 шақырымдық жергілікті автожолдар мен көшелерге жөндеу жүргізілуде. Яғни 16,2 шақырымдық жаңа жол салынып, 6,2 шақырым қайта жаңғыртылып, 30 шақырым күрделі және 550 шақырым орта жөндеуден өтеді. Нәтижесінде «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі» 85 пайызға жетеді деп күтілуде.

Облыста «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 108 жоба іске асырылуда. Оның 4 жобасы әлеуметтік нысандар құрылысы, 104-і -әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеуге бағытталған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір