• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:02:26
+35°

Темір жолдың басты табыс көзі – жүк тасымалы екені жасырын емес. Сондықтан да осы баағыттағы жұмыстарды ұдайы жандандырып, бақылауда ұстау – басты міндеттің бірі. «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ Жамбыл бөлімшесінің филиалында өткен кезекті басқосудың тақырыбы осы бағытта өрбіді.

Бөлімше филиалында директордың логистика жөніндегі орынбасары А.Түсіповтың төрағалығымен өткен жиынға автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша директордың орынбасары А.Бүтіншиев, логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Т.Раймов, «Қазтеміртранс» АҚ Шымкент филиалы тиеу, түсіру Жамбыл бөлімшесінің бастығы Б.Сүлейменов, жылжымалы құрамның аға локомотив диспетчері Т.Сапарбеков, Шайқорық, Аса, Бурыл, Талас станцияларының басшылары А.Мырзахметов, Н.Қазбеков, А.Сейтпенбетов, О.Оразбақов пен тапсырыс беруші мекеме өкілдері қатысты.

Күнтәртібінде негізінен үш мәселе қаралды. Оның біріншісі - № 245, № 118 телеграфтық нұсқаулармен таныстыру болса, екінші мәселе – 2019 жылдың қыркүйек айындағы жүк тиеу жоспарының орындалу барысы. Үшіншісі – жыл соңына дейінгі тиелетін жүк көлемі және оның орындалуның көрсеткіштері.

Жиын барысында А.Түсіпов алдымен телеграфтық нұсқаулармен егжей-тегжейлі таныстырып өтті. Онан соң ағымдағы жылы жөнелтілген жүк көлеміне кеңінен тоқталды:

– Биылғы 8 айда біз жоспарды 106,8 пайызға артығымен орындадық. Атап айтсақ, жоспарымыз 91 025 вагон немесе 6 043 000 тонна болса, біз 91 579 вагон, яки 6 129 891 тонна жүк тиеп, жөнелттік. Бұл – жоспардан 554 вагонға, яғни 86 891 тоннаға, 2018 жылдың көрсеткішінен 6 565 вагонға немесе 453 975 тоннаға артық көрсеткіш. Тиелген жүктерді жекелей алар болсақ, 8 ай ішінде тас көмір 113 %, мұнай 109 %, химикаттар 112 %, өндірістік шикізат 111 %, граншлак 132 %, қант 136 %, көкөніс 133 %, тұз 322 %, цемент 105 %, контейнердегі жүк 117 %, өзге де жүктер 194 %-ға жетті.

Соңғы 8 ай ішінде «Қазфосфат» ЖШС жоспардағы 28 576 вагонға 1 816,7 мың тоннаның орнына 28 957 вагонға 1863,5 мың тонна химиялық тыңайтқыштар тиеп, жөнелтті. Осылайша жоспар 102,5 пайызға артығымен орындалды. Өткен жылдың осы уақыты аралығында «Қазфосфат» ЖШС-ның

химиялық тыңайтқыштары 2 587 вагонға, яғни 171,9 мың тоннаға, сәйкесінше 113,5 пайызға артып отыр. Ал «ЖЦПК» ЖШС-ның есепті мерзімге жоспарлағаны 1 072,9 мың тонна, яғни 15 231 вагон болатын. Мекеме жоспарды 101,2 пайызға артығымен орындап, 15 445 вагон, яғни 1 085,7 мың тонна жүк артып, жөнелтті. 2018 жылдың осы аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда, бұл бірақ 1231 вагонға, 83,7 мың тонна цементке кем, - деді баяндамасында А.Түсіпов.

Жиын барысында сондай-ақ, «Қазфосфат», «ЕвроХимҚаратау», «ТКСМ-13», «Кнауф Гипс Тараз», «ЖППК» ЖШС-терінің өкілдері сөз алып, жыл соңына дейін тиелетін жүк көлемінің артатынына сендірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір