• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:21:48
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында темір жол саласын дамыту туралы да тың міндеттер жүктеді. Өйткені, ел экономикасын еселеу жолында теміржол саласының атқарар қызметі орасан. Әсіресе, жүк тасымалы бағытында жүйеленіп жатқан жұмыс көп.

Айталық, бір ғана Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі жыл басынан бері жүк артып, түсірудің межесін 6 043 000 тонналық 91 025 вагон деп жоспарласа, бұл 6 129 891 тонналық 91 579 вагонға дейін жеткен.

«Қазфосфат» ЖШС фосфаттар шығарудан бастап, олардан өндірілетін түпкі өнімді теміржол-көлік кешені күшімен жеткеруге дейінгі бүкіл жұмысты бір өзі атқаратын Қазақстан жеріндегі бірегей компаниялар қатарына жатады. Оның өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға, сонымен қатар ішкі нарыққа жөнелтіліп жатыр. «Қазфасфат» ЖШС жыл басынан бергі химиялық тыңайтқыштар мен өзге де жүктер тасымалын 1 816,7 мың тонналық 28 576 вагонға межелесе, орындағаны 1 863,5 мың тонналық 28 957 вагонға немесе 102,5 пайызға жеткен. Бұл компанияның былтырғы жетістіктерінен 171,9 мың тонналық 2 587 вагонға көп екен.

Ең алғашқы қазақстан-француз бірлескен цемент зауыты саналатын «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-ның да тұтас ел экономикасы үшін маңызы зор. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 1,4 миллион тонна цементті құрайды. Бұл күннен-күнге өсіп келе жатқан қазақстандық нарық сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік бермек. Цемент зауыты Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында орналасқан.

«Зауыт «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тораптарына жалғанған, жеке темір жол терминалымен жабдықталған. Көлемді жеткізілімдерді тікелей делдардарсыз және аралық баға қосусыз қамтамасыз ете алады. Өндірілген цемент сапасы қазақстандық және еуропалық сапа стандарттарына сай келеді. Жеке темір жол паркі цементті Қазақстанның кез келген жеріне жеткізу мәселесін тез әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді. Жүктелім қапсыз, қаппен және биг-тегпен жүзеге асырылады. Зауыт Алматы-Астана автожолына және темір жол магистраліне жақын маңда орын тепкен. Сонымен бірге, терминалдардың тармақты желісі жеткізу және тиеу мәселесін жедел түрде шешуге мүмкіндік береді», - дейді компания директоры Пьетро Кала.

Мекеменің осындай ілкімді істері биыл да жалғасын тапқан. «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС күні кешеге дейін темір жолмен 1 072,9 мың тонналық 15 231 вагон өнім жөнелтуді жоспарлап, нақты жұмыс нәтижесінде 1 085,7 мың тонналық 15 445 вагон тауар тасымалданған. «Жыл басындағы екіжақты келісім-шарт құжаттарының кешеуілдеуінен жоғарыдағы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда аз болды. Яғни, цемент өнімдерін тасымалдау өткен жылғыдан 83,7 мың тонналық 1231 вагонға кем түсті», - дейді Әділ Түсіпов.

Автомобиль транспортынан теміржол тасымалына келсек, биылдыққа болат жолдың бойымен 4015 тонналық 73 вагон әртүрлі жүк жөнелтіліп, жылдағы деңгейін сақталған. «Біздің бүгінгі мақсатымыз бен мүддеміз жүк тасымалын жетілдіріп, көлемін ұлғайта түсуге саяды. Мәселен, біздің ұжымның тәуліктік орташа түсірудің техникалық жоспары 328,46 вагон деп белгіленсе, бұл сан қазіргі таңда 328,7 вагонды құрап отыр. Демек, жүз пайызға жете қабыл. Осы қарқыннан алдағы уақытта да айнымаймыз деген сенімдемін», - бөлімше директорының орынбасары Әділ Түсіпов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір