• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:00:58
Алматы
+35°

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Жамбыл облысында картоп фриі өндіріле бастайды. Өңірде қолға алынған бірегей алып жоба аясында «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағында келер жылдың басында дәл осы өнім түрін өндіретін зауыттың құрылысы басталады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жобаны голландиялық Farm Frites компаниясы қолға алуға ниет танытып отыр. Жылдам дайындалатын тамақ өнеркәсібінде жоғары сұранысқа ие картоп фриін өндіретін бұл компания дәл осы саладағы әлемдегі ең үздік 5 компанияның бірі саналады. Осыдан жарты ғасыр бұрын Голландия жерінде алғашқы өнімін шығарған кәсіпорын қазір тамақ өнеркәсібіндегі жаһандық желіні құрайтын алпауыттары «McDonalds» мен «KFС»-ді негізгі шикізатпен қамтамасыз етуші болып табылады.

–Біздің компания Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің кеңістігіне 9 жыл бұрын кірді. Бірер жыл бұрын Ресей жерінде жұмыс жасап көрдік. Ал 2015 жылы бізге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрімен кездесудің сәті түсті. Екі жақты келісімге сай біз картоп фриі үшін қажетті картоп сұрыпын Қазақстанның солтүстік, оңтүстік аймақтарына егіп, сынама алдық. Оның ішінде сынамалы алқап Жамбыл облысына да егілді. Нәтижесі жаман емес. Тіпті жоғары өнімділік көрсетті. Кейіннен инвестор ретінде бізге «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағында жұмыс жасау ұсынылды. Біз бұл ұсынысқа қуана келісім бердік. Жергілікті билік те біздің жобамызға қызығушылық танытып, оны жүзеге асыруда қолдау білдіріп отыр. Қазіргі жоспар бойынша бізге зауытты толық жұмыс қуатымен іске қосу үшін 10 мың гектар картоп алқабы қажет. Шикізаттың осы көлемімен біздің компания жылына 70 мың тонна дайын өнім шығара алады, –дейді Farm Frites компаниясының жобалық директоры Йос ден Бур.

Облыс аумағында бұл бірегей жобаны жүзеге асырудың барлық мүмкіндік бар. Әрі жергілікті билік Farm Frites компаниясының инвестициялық тиімділігінен бұрын ауыл шаруашылығын дамытудағы мүмкіндігін жоғары бағалайды. Өйткені биылдың өзінде облыста 10 мың гектар алқапқа картоп егілген. Ал өңір шаруалары сұранысқа сай картоп алқабын ұлғайтуға ниетті. Сондай-ақ облыстық әкімдік бұл зауытқа қажетті мамандарды олардың сұранысына сай мемлекеттік блім беру тапсырысы арқылы дайындау мүмкіндігін де қарастырып жатыр.

Ал Farm Frites компаниясының жобалық директоры Йос ден Бур жоба сәтті іске асырылған жағдай зауыттың тек картоп фриін ғана өндірмей, жоғары сұрыпты картоп тұқым шаруашылығының тәжірибелік алаңына айналатынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір