• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:09:36
Алматы
+35°

Жамбыл облысы аумағында автомобиль жолдары мен аудан орталығының бас көшелерінде орналасқан құрылыс нысандары мен сауда орындарын талапқа сай ету бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынды. Олардың кейбіріне бұзу түрінде шара қолданылыса енді кейбірінің қасбеті ретке келтірілген. Қалғандарының орналасу заңдылықтары облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандарымен анықталатын болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы басшының міндетін атқарушы Дәулет Досанвтың айтуынша өңірдегі автомобиль жолдарының бойында, аудан орталықтарының бас көшелерінде орналасқан құрылыс нысандары мен сауда орындарына заң талаптарына сай шара қолданылып жатыр екен.

–Облыс аумағында мұндай 109 нысанның бар екендігі анықталды. Оның 58-і тиісті құжаттарын рәсімдеп алған. Ал қалғаны 51 нысанның ешқандай құжаттары рәсімделмеген. Осындағы 29 нысанға әртүрлі деңгейде шара қолданылды. Атап айтқанда 18 нысанға қатысты орнынан алу, бұзу туралы шешім шығарылды. Тағы 7 нысанға шара қолдануды облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы шешетін болады. Ал жол бойында, аудан орталығындағы негізгі көшелерде құрылыс жүргізген, сауда орындарын қойған 2 тұлғаға айыппұл салынды. Қалған 2 нысанның сыртқы қасбеті ретке келтірілді, – дейді.

Негізінен кәсіпкерлік және өзгеде мақсаттағы нысандардың автомобиль жолдары мен аудан орталығындағы негізгі көшелердің бойында салынуының өз заңдылығы бар. Әрі бұл заңдылық елді мекендердің бас жоспары мен оңайлатылған сызбаға иек артады. Қазір облыс аумағында 377 елді мекен болса оның 330-ы оңайлатылған сызбамен қамтамасыз етілген. Ал 362 елді мекен бас жоспар және оңайлатылған сызбалармен қамтамасыз етіледі. Айта кету керек бұл құжаттар елді мекендердегі халық санына қарай жасалды. Бүгінде облыс аумағындағы 28 елді мекендегі тұрғындар саны 5 мыңнан асады. Сондай-ақ өңірдегі тұрғындарының саны 50-ге жетпейтін де елді мекендер бар. Өз кезегінде бұл факторлардың барлығы олардың бас жоспарын даярлауда әсер етеді. Бас жоспарларда тек елді мекеннің сәулеттік келбеті ғана көрініс таппайды. Мұнда өлке тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта жасаудың мүмкіндіктері де зерделенеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір