• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 14:21:37
Алматы
+35°

Қымбатшылық қос бүйірден қысқан шақта қарапайым халық үшін қысқы азық-түлікті қамдау өзекті мәселе. Қыр астындағы қысты қамсыз өткеру үшін қарапайым халық базарға ағылатыны белгілі. Ондағы бағаның да оңтайлы сәтте пайдаланып бірнеше есеге өсіп шыға келеді. Осы орайда облыс орталығы Тараз қаласындағы халық тұтынатын негізгі азық-түліктің бағасын тұрақтандыру мақсатында әр сенбі сайын коммуналдық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырыла басталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жәрмеңке енді әр сенбі сайын 1 желтоқсанға дейін тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Жәрмеңкенің алғашқы күнінде коммуналдық базар сөресіне Байзақ, Қордай, Талас аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары шығарылды. Жалпы құны 11,7 миллион теңге болатын 53,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген халықтың сұранысы өте жоғары. Сондықтан да болса келсе шаруалар ала келген 4,7 тонна ет пен 1,3 тонна сүн өнімдері, 1,3 тонна балық пен 1 тонна шұжық өнімдері толығымен дерлік өтіп кетті. Сондай-ақ 2 мың дана жұмыртқа, 0,3 тонна бал, 0,4 тонна кондитерлік өнімдер мен 1 тонна макарон өнімдері, 0,1 тонна тұз және 41,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдеріне деген сұраныстың да өте жоғары болғанын атап өту керек. Халыққа нарық бағасынан әлдеқайда арзан бағада тауарын өткізетін жәрмеңке алдын ала бекітілген кестеге сай аудандар бөлінісінде өтеді. Келесі аптада тараздықтар мен жақын маңдағы оған жақын елді мекен тұрғындары Жамбыл, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарларын саудалайтын болады. Өз кезегінде тұтынушының қалтасын қақпайтын бағада талғамына сай тауар ұсынылатын жәрмеңкенің тиімділігін жамбылдықтар алғашқы күннен байқап та үлгерді.

Жәрмеңке қарапайым халық үшін қыстың қамын қолжетімді бағада қамдаудың бір жолы болса, күзгі-жиын терім науқанын аяқтаған шаруалар үшін өз өнімдерін саудалаудың мүмкіндігі екенін де айта кеткен жөн. Оған қоса өз тауарын делдалдыққа ұрынбай бекітілген бағада сату да шаруалар үшін пайдаға кенелудің бір жолы екені айтпаса да түсінікті. Әрі шаруаларға өз өнімдерін сатуға лайықты алаң ұсынылуы да өңірде кәсіпкерлікке кең өріс ашудың қамы екені мәлім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір