• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:35:07
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мейлінше шикізаттың негізгі түрлерінен бас тартып, экономиканы әртараптандыру жайы айтылғаны белгілі. Бұл орайда Жамбыл облысында бірқатар әлеуетті жобалары қолға алынған. Әрі бұл жобалар өңірлердің экономикалық әлеуетін арттырып, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтып келеді. Болашақта осынау бірегей жоба Сарысу ауданында жүзеге асырылмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған жоба аясында бұған дейін экспортқа тәуелді болып келген кальцийлендірілген сода Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылында салынатын зауытта өндіріле бастайды. Зауытты түркиялық «Иылдырым Холдинг» компаниясының еліміздегі өкілдігі саналатын «QAZAQ SODA LLP» кәсіпорны жүргізеді. Жақында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов пен кәсіпорын жетекшісі Исмайл Жейланды қабылдап, зауыт құрылысын жүргізу, оның өндірістік әлеуеті жайында ой қозғады Компания қазір зауыт құрылысын жүргізу үшін 18 шақырымдық электр желісін қажетсінеді. Инвестициялық саясатқа сай инвесторларға инфрақұрылым тартуға бюджеттен қаржы қарастырылады. Сондықтан да облыс әкімі «QAZAQ SODA LLP» кәсіпорны жетекшісіне электр энергиясы желісін тарту, темір жол құрылысына жүргізу жұмыстарына тиісті құжаттар толықтырылған жағдайда ғана қазына қаржысы бөлінетінін жеткізді. Ал компания әзірге бұл жұмыстарды өз есебінен жүргізбек. Әкімдік инвесторға инфрақұрылымға жұмсаған шығынды келесі жылы бюджетті екінші рет нақтылау кезінде қайтарылатынын жеткізді. Жалпы жобалық құны 220 миллион АҚШ доллары болатын өндіріс орны 2 жылдан соң толық қуаттылығымен іске қосылмақ. Қазір компания өкілдері зауыт құрылысы жүретін аймақтағы шикізат қорына барлау жасады. Алдын-ала болжам бойынша зауыт өндірістік қуатының алғашқы кезеңінде 400 мың тонна өнім өндіреді. Зауыттың іске қосылуымен мұнда 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Компания басшылығы ұжымның 95 пайызын жергілікті тұрғындардан алуға ниетті. Сондықтан қажетті кадрларды даярлау мәселесіне қатысты тараптар да өзара келісімге келді.

Айта кету керек бұл шешім өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапары кезінде нақтыланған болатын. Сол кезде екі ел арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 1 миллиард 700 миллион АҚШ долларынан асатын 22 екіжақты коммерцииялық құжатқа қол қойылған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір