• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:49:08
Алматы
+35°

Келесі жылы елімізде жалпыұлттық халық санағы өтетіні белгілі. Осы жауапты кезеңге оңтайлы дайындық шаралары Жамбыл облысы аумағында өз деңгейінде қолға алынуда. Бұл орайда облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасымен өңірдегі елді мекендердің «Электрондық картасы» әзірленіп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елді мекендердің «Электрондық картасын» дайындауға 20 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда бұл қаржыны мақсатты игеруде 3 мердігер компаниямен келіссөздер жүргізілуде.

–Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мен аудандардағы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің тапсырысына сай елді мекендердің «Электрондық картасын» әзірлеу жұмыстарын «Sunrise Lab», «Тараз Тау Жоба», «ГИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізбек. Қазіргі таңда Тараз қаласы ғана мердігер компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Аудандық бөлімдер тиісті жұмыстарды орындаушы компаниялармен келісім-шартқа отырып қойды. Ал Сарысу, Талас аудандарында «ГИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жүргізілген жұмыстар аяқталды. Қалған аудандарда электронды картаны аяқтау мерзімі қараша айының соңы деп көрсетілген. Тек Тараз қаласы мен Меркі, Мойынқұм аудандарында электронды карта жыл соңына дейін аяқталады. Бір сөзбен айтқанда 2020 жылдың алғашқы күнінен Тараз қаласын қоса алғанда облыстағы барлық аудандағы елді мекендердің «Электрондық картасы» дайын болмақ. Сәйкесінше Тараз қаласының электрондық картасын әзірлеуге 7 миллион теңге қазына қаржысы жұмсалса, аудандардың барлығында бұл жұмыстарды орындауға 1 миллион 262 мың 500 теңге көлемінде қаржы қарастырылды, – дейді облыс сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Досанов.

Атап өту керек ағымдағы жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу» туралы қаулы шықты.Аталған құжатқа сай Қазақстан Республикасы аумағында жалпыұлттық халық санағы келер жылдың 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Сондай-ақ бұл құжатта еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі үшінші рет өткізілгелі жатқан жалпы ұлттық халық санағы алғаш рет «е-Статистика» электрондық базасымен жүргізілетіндігі де айтылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір