• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:43:10
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында мән берген маңызды мәселелердің қатарында инфрақұрылымды дамыту жайы да бар. Осы орайда Президент «Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді.

Атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беруі керек.

Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады.

Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады.

Үкімет бұған дейін де көп қаражат бөлген болатын, бірақ оның көбі құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің қалтасына кетті, ал таза су, жол және басқа да инфрақұрылымның жағдайы әлі де сол күйінде.

Бұл жолы Үкімет пен Парламент Есеп комитетімен бірлесіп, бюджет қаражатын толығымен тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс» деп атап өтті.

Бүгінде Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы үлкен құрылыс алаңына айналған. Мұнда аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың бастамасымен тасжолдар төселіп, көпқабатты тұрғын үйлер мен өзге де әлеуметтік нысандар көптеп салынуда.

Мысалы, қаланың «Тайвань» алқабында жол салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Тайвань» алқабында барлығы 18 көше болса, оның ұзындығы 27,7 шақырым. Құрылыс жұмыстарына бұрылыстарымен қоса есептегенде 481 564,0 мың қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда 18 көшенің 14 көшесі толығымен аяқталуға жақын. Айта кетерлігі, Тараз қаласында жалпы ұзындығы – 78,022 шақырым жол жөнделуде. Ол дегеніміз 138 көше және бұрылыстар мен тұйықтар бар. 85 учаскеде асфальттау жұмыстары жүргізілуде. 20-көше және 3-бұрылысқа асфальт жабындысы төселіп, аяқталу үстінде. 46-көше мен 14-бұрылысқа, сондай-ақ 2-тұйыққа асфальт жабындысын төсеуге дайындық пысықталуда.

Ал «Қарасу» шағын ауданында әлеуметтік осал топ өкілдеріне арналып көпқабатты тұрғын үйлер салынуда. Сонымен қатар «Ақбұлақ» шағын ауданындағы №9, №17 үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған тұрғын үйлер 1966 жылы салынған, 5 қабатты, 70 пәтерлі. Өз кезегінде тұрғын үйлердің шатырлары, инженерлік желілері (жылу жүйесі, ыстық және мұздай су, кәріз жүйесі, элеватор торабы, электр жүйесі), кіреберістері күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 292 945 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы Тараз қаласында барлығы 989,6 млн. теңгеге 25 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 540 млн.теңге қала бюджеті есебінен болса, қалған қаражат алдыңғы жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерден қайтарым қаржы есебінен.

Бүгінгі таңда қала бойынша барлығы 1298 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде бүгінгі күнге 300-ге жуық үй күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Келер жылға 3,4 млрд.теңгеге 80 үйдің жөндеу жұмыстарына республикалық қазынадан қаражат бөлуге бюджеттік өтінім Құрылыс комитетіне тапсырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір