• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:25:21
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Ән-күй

Димаш Қытайда қазақтың тарихи әнін орындап, әлемді тәнті етті (видео)

Бұл әнді Димаш Қытайдың Фучжоу қаласында өткен "Ұлы Жібек жолы" халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында айтты. 

Димаш Қытайда "Самалтау" атты қазақтың халық әнін орындап көрермендерді тәнті етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл әнді Димаш Қытайдың Фучжоу қаласында өткен "Ұлы Жібек жолы" халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында айтты. 

Әннің тарихы 1916 жылғы тарихи оқиғалармен байланысты. 1916 жылы маусымның 25-інде Ресей патшасы ІІ Николайдың «Реквизициялау туралы» жарлығы шығып, Қазақстан, Орта Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 19 бен 43 жас аралығындағы 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу көзделді. Оның 240 мыңын қазақтан алынатын болды. Осы жарлыққа іле-шала қазақ даласы мен Орта Азияда жиырмасыншы ғасырдағы ең айтулы, жаппай көтерілістердің бірі басталды.Арқаға тірелген қара мылтықтың күшімен жат ел, бөгде жұртқа еріксіз кетіп бара жатқан қазақ жігітінің осы бір әні артта қалған ата жұртқа дұғай сәлем болып жетті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір