• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 14:06:47
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Жыл соңына дейін 65 медициналық нысан пайдалануға беріледі

Қазақстан Республикасынң Ата Заңында мемлекетіміздің басты капиталы – оның азаматтары екені анық жазылған. Бұл ретте, қазақстандықтардың денсаулығын сақтау, өмір сүру сапасын жақсарту мен жасын ұзарту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, тұрғындардың денсаулық сақтау нысандарымен толық қамтылуы аса маңызды. Бұл ретте Жамбыл облысында медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүрып жатыр.

Атап айтар болсақ, қазіргі уақытта аймақта 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жүзеге асыру шаралары жалғасуда. Бұл жобалардың жалпы құны 2,013,7 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде, медициналық пункттерге 26 млн.теңге, фельдшерлік-акушерлік пункттерге 30 млн. теңге, дәрігерлік амбулаторияларға 35 млн.теңге бөлінген. Айта кетер жайт, бұл қаражатқа ғимараттарды сатып алу әдісімен, жоспарға сәйкес, медициналық нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріліп, медициналық ұйымдардың ғимараттарына қажеттілік қанағаттандырылатын болады.

Сонымен бірге, өткен жылы облыста 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансер ғимаратының құрылыс басталған болатын. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 13,9 миллиард теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» жоба аясында Байзақ аудандық орталық ауруханасында күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Сонымен қатар, Шу ауданындағы Еңбекші және Жаңа жол дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

Байзақ ауданында 250 келушіге арналған емхана құрылысы республикалық бюджеттен болжамдық құны – 2,084 млрд.теңгені құрап, пилоттық жобаның жол картасына енгізілді. Құрылыс жұмыстарының мерзімі 2022-2023 жылдар аралығында жүргізілу жоспарланған.

Сондай-ақ, Қордай ауданында 250 келушіге арналған емхана салынбақ. «Денсаулық сақтау объектілерін салу» жол картасына сәйкес қолға алынған жұмысқа жобалау сметалық құжатын дайындау үшін жергілікті бюджет есебінен 22,4 млн.теңге бөлінді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мердігер анықталып, жобалау сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Сонымен қатар, 270 орындық аурухана құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамасын дайындау үшін қараша айында бюджетті нақтылау барысында қаржы қарастыру жоспарлануда. Аталған емхана және аурухана құрылысының болжамдық құны 9,2 млрд.теңгені құрайды.

Шу ауданының орталық аудандық ауруханасына емхана ғимаратын жапсарлас салу «Ауыл – ел бесігі» жобасымен жүзеге асырылуда. Іске асырылу мерзімі 2019-2020 жылдар аралығы. Сметалық құны 304,3 млн. теңге.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір