• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:09:05
Алматы
+35°

Жамбыл облысында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық кітапханасы» салтанатты түрде ашылды. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ашылған «ерекше» кітапхана жастарды парасаттылыққа баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашықтық, адалдық принципіне негізделген.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев игі іс-шарада осындай адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелейтін жобалар арқылы өскелең ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, оларды адамгершілікке, еңбексүйгіштік пен саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосуға болатындығын айтты.

«Адалдық кітапханада» жеке, еркін және топтық жұмыс жасауға арналған бөлімдер бар. Жастардың тыныш отырып дайындалатын кабиналары, еркін отырып демалатын кеңістігі, топпен жұмыс жасауға және тренингтер өткізуге болады. Бос уақытын шахмат, дойбы сынды ойындарымен қызықты және тиімді өткізуге, жұмсақ орындар кітап оқуға және жүрегіне жақын әуен тыңдап демалуына жағдай жасалған. Мұнда кітапханашылар қызметі дәстүрлі форматтан еркін кеңесші форматына көшті, яғни студент өзі еркімен қажетті құралдарын таңдап, еркін пайдалануына мүмкіндік бар.

– Кітапхананы ашудағы мақсат – қоғамда сенім білдіру атмосферасын қалыптастыру. Осыған ұқсас механизм ондаған жылдар бойы скандинавия елдерінде қолданылып келеді. Жоба тұрғындардың бойында парасаттылық және әділдік сияқты моралдық сипаттарды тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің пайда болуына тікелей әсерін тигізеді, – дейді Равиль Төлебаев.

Кітапхана ашу бастамасын көтерушілер «адалдық» бастамасынан сөзсіз күмәндәнбайды. Мұндай дүкендер мен кітапханалар тіпті мектептерде де ашыла алатынына сенімді.

Айта кету керек, осындай дүкендер қазірдің өзінде кейбір Скандинавия елдерінде бар. Оларды енгізу – ішкі қасиеттерді қоса алғанда, оң қасиеттерді дамыту, жастардың ақыл-парасатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыруға бастайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір