• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:01:59
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдымызға қойған биік мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруін, яғни одан бұрын жаңғырып отыруын, ол үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарасын ортаға салған болатын. Сондай-ақ, ұлттық мәдениет – бұл біздің ұлттық кодымыз екенін айтқан еді. Ал ұлттық мәдениетімізді жас ұрпақтың бойына сіңіретін үлкен шаңырақтың бірі – ауыл-ауылдағы өнер мектептері. Бойында өнерге деген қызығушылығы бар баланың барлығы алғаш білімін осы өнер мектебінен алады.

Балалардың бойына ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік дәнін сеуіп отырған білім ордаларының бірі – Жуалы ауданындағы №1 Балалар өнер мектебі.

Өнер мектебінің іргетасы 1950 жылы қаланған. 1971 жылы музыка мектебі болып ашылған. 1993 жылдан бастап Балалар өнер мектебі болып қайта құрылды. Өнер мектебінде 2019-2020 оқу жылында 1141 бала тәрбие-білім алуда. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Күреңбел орта мектебінің базасынан өнер мектебінің №1 филиалы ашылды. Сол себептен 200 бала қосымша қосылды. Барлығы 1141 баланы құрап отыр. Оның 34-і өзге ұлт өкілдері.

Мектепте 46 мұғалім еңбек етеді. Балалардың өнерге деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Оқушылар екі ауысымда оқиды. Мектепте 10 үйірме бар. Олар: домбыра, баян, аккордеон, фортепьяно, гитара, театр, хореография, сәндік қолданбалы өнер, көркемсурет, эстрадалық ән.

Өнер мектебінің ұстаздарынан құралған фольклорлық ансамбль, вокальді-инструментальді ансамбль аудандық үлкен іс-шараларда үнемі өнер көрсетіп келеді. Кәсіби мамандардың өнерге баулыған шәкіттері де еліміздегі өнер жұлдыздарын тәрбиелейтін арнаулы және жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдап, еңбек етуде.

Мектеп шәкірттері жыл сайын түрлі облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Мәселен, өткен оқу жылында «Біз бақытты баламыз!» атты республикалық ән-би байқауында «Жұлдызай», «Қазына» би топтары І орынды иеленсе, Гүлім Мейірхан бас жүлдені жеңіп алды. ІІ республикалық «Дарабоз Жуалы» байқауында «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, «Шабыт» театр тобы, Әсел Әбілхайырова, «Қазына» би тобы, Ержан Әминов, Бауыржан Хожа-Ахмедов және «Тұмар» би тобы І орынды иеленді. І республикалық «Талантты Қазақстан» өнер байқауында Арслан Жұман бас жүлдені жеңіп алса, «Үркер- 19» республикалық байқауында әртүрлі номинациялар бойынша бес оқушы І орынды иеленді. Сонымен бірге облыстық, аудандық деңгейлердегі байқауларда да көптеген шәкірттері топ жарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір