• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:51:20
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова, аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Мергенбай Қойкенов қатысты.

Қабылдауға жазылған Б.Жаңабаев 25 қыркүйек күні тұрғын үйіне белгісіз тұлға терезесін ашу арқылы кіріп, қомақты қаржы мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткені, содан араға алты күн салып қылмыс ашылмай тұрып 1 қазан күні қайта түсіп, үйін астан-кестенін шығарып шашып, бір алтын сақина мен ұялы телефонын ұрлап кеткенін. Бүгінгі таңда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы. Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша күдікті екінші жағдай бойынша кінәсін мойындаған. Ал бірінші жағдай, жалпы ауданда орын алған пәтер ұрлығы бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.

Қабылдауға жазылған келесі азаматша Р.Қалдыбекова жұбайының ұрып-соғып, балағаттағаны үшін жазған жазбаша арызы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін сұрады. Бұл сауалға Мергенбай Бірлікұлы азамат Б.Қалдыбеков өзінің заңды некедегі әйелінің алған дене жарақаты бойынша сот медициналық дәрігерлік сараптама тағайындалғандығын, сараптама қорытындысы бойынша жиналған іс-құжаттар аудандық сотқа заңды шешім қабылдау үшін жолданатындығы туралы айтып түсіндірді.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин Мергенбай Бірлікұлына аудандағы пәтер тонау мәселесін қатаң бақылауда ұстауды және аудандық әкімдік қызметкерлері, ауылдық учаскелік полиция қызметкерлері, ауылдық ақсақалдар алқасы, жергілікті ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды. Алдын алу жұмыстарын күшейтіп, полиция қызметкерлері өз қызметін жауапкершілікпен, патриотизммен атқаруы қажет және ауыл тұрғындары да өз аулаларына қауіпсіздік үшін бейне бақылау орнатуы қажеттігі туралы айтты.

Қоғамдық қабылдауды аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов қорытындылады. Ол полиция бөліміне жасалып жатқан жағдайлар туралы айта келіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір