• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:10:31
Алматы
+35°

АҚШ та Сан-Хосе қаласында өткен «Enactus» әлем кубогында ел намысын қорғаған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік унивеситетінің студенттерінен құралған жамбылдық команда білімділер бәйгесінен жоғары жетістікпен оралды. Жарыстан келген білімпаздармен университет ректоры Махметғали Сарыбеков арнайы кездесті.

Кездесуге олар топ эдвайзері «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Әмина Насибулинамен бірге келді. Кездесу кезінде команда мүшелері Enactus әлем кубогына қатысқандығы туралы айтып берді.

– Бұл жарыс біздің команда үшін маңызды жарыстардың бірі болды. Жоғары оқу орнын, біздің елімізді әлемдік деңгейде, осындай маңызды және танымал жарыстар танытады, бұл жарысқа қатысу біз үшін үлкен абырой болды. ТМД елдерінен Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан қатысты. Форум бірнеше күн өтті және бағдарлама қызықты және ауқымды болды. Біз мәдени жәрмеңкеде де болдық, онда қатысушы елдер өз халқының мәдени дәстүрлерімен танысуға тырысты және Intuit компаниясынан Ford Global Mobility Innovation Challenge, Design Thinking: Business & Innovation Challenge қонақ үйінде қоныстандық, онда жетекші әлемдік компаниялардың өкілдерімен әңгімелестік. Біз жоспар бойынша екінші күні жарысатын болғанбыз. Алайда, жеребе бойынша біз сегізінші лигада болдық. Біз бәрін жасадық. Жақсы орыннан көрінуге тырысып бақтық. Жобамызды жоғары деңгейде қорғадық. Сәл сәттілік жетіспедіме білмедім, біз жартылай финалға өткен жоқпыз. Бірақ бірде-бір командадан финалист бола алмады. Осы кубокқа тәжірибесі мол командалар қатысты, олар тек өз елінің деңгейінде ғана емес, бірнеше мемлекетте жүзеге асыратын жобалар ұсынды. Бізде олардан аянып қалған жоқпыз, көптеген университеттердің өкілдері бізідің жобаға қызығушылық танытты. Жарыс барысында US Davis Калифорния университетімен серіктес болдық. Біз онда эксскурсияда болдық, профессор Пол Гептспен таныстық. Ол студенттер жұмыс істейтін заманауи техниканы көрсетті. Біздің жобаларымыздың бірі олардың жобасымен ұштасып жатыр,олар да бұршақты өсіруде. Қазір бізде тығыз байланыс бар, біз үнемі ол кісімен байланыстамыз, – дейді команданың экс-капитаны, әлемдік кубок қатысушысы Кәрімжан Сүлейменов.

– Біз, басында, қатты күттік, - деді Амина Насибулина. Біз басқа командалардың қалай жұмыс істейтінін, олардың қандай тақырыптарын және Олардың жобаларының ауқымын көрдік. Бізге не қажет екенін түсіндік, қандай нысандарға назар аудару керек екендігін білдік.

Команда мүшелері алдағы жоспарлармен бөлісті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының трениг-мектебінде қосымша білім алу туралы шешім қабылдапты. Студенттік ортадағы қозғалысты кеңейтуді мақсат тұтыпты. Биылғы жылы командаға 28 бірінші курс студентін іріктеп алыпты, бірақ әлі де толықтыру күтілуде, себебі қалаушылар көп – дейді.

Кездесу соңында құнды кеңесті команда мүшелеріне Махметғали Сарыбеков берді: - Тек имидждік жобалармен жұмыс істеңіздер. Адамдарға нақты пайда әкелетін және тек бізде ғана емес, басқа елдерде де сұранысқа ие болатын жобаларға назар аударыңыздар - деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір