• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:23:30
Алматы
+35°

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Ф.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында университет студенттеріне арналған «Адалдық сағаты» өткізілді. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев,«Sanaly urpaq» фронт-офисінің үйлестірушісі Асқар Қадырқұлов, клуб мүшелері мен университет студенттері қатысты.

– Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік болғандықтан бізді көбісі міндетті түрде қылмыстық қудалау процесстеріне көп көңіл аударады деп ойлайды. Олай емес. Біз жұмыс бағытын өзгерттік. Көбіне қоғамда парасаттылық принциптерін дәріптеуге бағытталған іс-шараларды өткізудеміз. Осындай іс-шаралардың бір көрінісі – республикалық деңгейде өтетін «Адалдық сағаты». Біздің мақсатымыз - сіздердің ойларыңызға кішкентай болса да ой салу. Сонымен қатар, осындай кездесулер арқылы сіздердің де ойларыңызды білу, – деді Равиль Қуанышбайұлы.

Департамент басшысының бірінші орынбасары қоғамымызда адалдық пен парасаттылық принциптерін ұстанатын азаматтар қатарын көбейту департамент алдында тұрған ең үлкен мақсат екенін айтты.

Сонымен қатар, Равиль Төлебаев басқа да іс-шаралардың өткізіліп жатқаны туралы мәлімдеді. Мысалы, Жамбыл облысының Білім басқармасымен бірге «Парасатты отбасы» жарысының өткізілетіні туралы хабарлап, жарыста «Өнерлі отбасы», «Өндірістегі отбасы» сияқты он номинацилардың да тағайындалатыны туралы айтты. Кейін осы отбасылар теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетіліп, дәріптелетін болады. Жарыс жеңімпаздарына дайындалған қомақты сыйлық та бар.

Оған қоса, университет пен колледж студенттері арасында парасаттылық тақырыбында пікірталас сайысы өткізілетін болады. Білім басқармасы бастауымен өткізілетін сайыс жеңімпаздары парасаттылық елшілері атанып, түрлі мекемелерде өздерінің ұстанымдарын дәріптейтін болады. Жақында мектеп жасындағы оқушылар арасында парасаттылық тақырыбында эссе жазу конкурсы өткізілді. Оның қорытындысымен жиырма тоғыз оқушы үздік болып атанды. Оларды да республикалық деңгейде парасаттылық елшісі ретінде қоғамдық жұмысқа тарту жоспарлануда.

Былтыр департамент республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ» клубын ашқан болатын. Клуб жетекшісі университет белсенділерін таңдап, клуб қарамағында шоғырландырып, адам бойындағы жақсы мінез-құлық қалыптастыру үшін, жақсы қасиеттерді шығару үшін жағдай жасамақшы. Бұл ұйым департамен қызметкерлері мен студенттер арасында тығыз байланыс құруға мүмкіндік беріп, бейресми қарым-қатынасқа жол ашады. Кездесу барысында Равиль Төлебаев студенттерді «Саналы ұрпақ» клубы жұмысына атсалысуға шақырды. «Адалдық сағаты» департамен өкілінің клуб мүшелері мен жетекшісімен жабық отырысында жалғасын тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір