• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:20:00
Алматы
+35°

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті QS EECA University Ranking-2020 халықаралық рейтингісі бойынша әлемнің үздік 350 жоғары оқу орындарының қатарына енді.

Литва Республикасының Каунас қаласында өтіп жатқан QS in Conversation «Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» атты Халықаралық саммитінде QS EECA-2020 (Emerging Europe & Central Asia ) рейтингісінің қорытындысы ашық түрде жарияланды. Рейтинг қорытындысы бойынша Dulaty University QS EECA рейтингісіне алғаш рет қатысып, үздік 350 университет қатарына кірді.

QS (Quacquarelli Symonds) EECA рейтингісі дамушы Европа және Орта Азия елдерінің үздік 350 университетін анықтайтын беделді рейтинг. Аталмыш рейтинг университеттің 9 көрсеткішін талдайды. Олар: ЖОО-ның академиялық және жұмыс берушілер арасындағы беделі, студенттер санының қызметкерлер санына арақатынасы, бір қызметкерге келетін ғылыми жарияланымдар саны, цитаталар саны, университеттің Интернеттегі тиімділігі, ғылыми дәрежелері бар қызметкерлер үлесі, шетелдік қызметкерлер және шетелдік студенттер саны. Осы орайда рейтингке М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті (Ресей) көш бастап, Чарльз университеті (Чехия), Варшава технологиялық университеті (Польша), Вильнюс Университеті (Литва) және Стамбул университеті (Түркия) сынды өзге де беделді оқу орындар қатысты.

Әлемнің озық университеттерін біріктірген QS-in Conversation «Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» саммитінде әлемдік еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болатын қабілетті маман дайындау, ғылымды дамыту, академиялық ұтқырлық туралы түрлі мәселелер айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 1958 жылы құрылған. Бүгінде оқу ордасы еліміздегі ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі саналады. ТарМУ облыстағы жалғыз мемлекеттік көпбейінді жоғары оқу орны болып табылады. Университетте жалпы көлемі 73924,4 шаршы м. құрайтын 14 оқу-лабораториялық ғимарат және жаңа өлшеу құралдарымен жабдықталған 155 лаборатория бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір