• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:32:45
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінде Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестері төралқаларының тең әрі әріптестік негізде аумақтық әдістемелік-үйлестіру кеңесінің «Қоғамдық кеңестердің дамуы» атты конференциясы өткізілді. Келелі жиын Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жобасы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өтті.

Жиында облыстық Қоғамдық кеңестің Әдістемелік-үйлестіру кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы жүргізді. Жандар Кәрібайұлы «Облыстағы қоғамдық кеңестердің күндерін» өткізу туралы баяндады. Облыста Қоғамдық кеңетің рөлін күшейтіп, арыз-шағымдарды жинақтау керектігін айта кетті. Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің сайты ашылғаны белгілі. Q-KENES.KZ сайтында аудандарда қандай да бір күрделі мәселелердің шешіліп, сын-ескертпелер қалай орындалып жатқандығы туралы ақпараттандырылып, жасалынған жұмыстардың ашықтығы көрсетілуі керектігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Исламбек Дастанұлы Қоғамдық кеңестердің 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында халық алдында есеп беру бойынша қоғамдық мониторинг жұмысының нәтижесі туралы айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында әр-түрлі мәселелер талқыланды. Меркі аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Құралбай Сұрат ауылындағы әлеуметтік шиеленісті шешудің жолдарын ұсынды.

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қауіпті індет – есірткі бойынша ауданда наркологиялық сараптама жасайтын орынның жоқ екенін жеткізді.

– Есірткінің түрлері өте көп, оның жеңіл және ауыр, өмірге қауіпті түрлері көбеюде. Жеңіл есірткі денеге тез тарап кетеді. Қылмыс түнде болған жағдайда біз Тараз қаласына немесе Жаңатас қаласына жеткізгенше уытты заттың қанда қалдығы да қалмайды. Осыған орай, ауданнан арнайы штат бөліп, медицина саласынан мамандар берілсе деген ұсынысымыз бар. Қажет болса тиісті органдарға хат дайындауға дайынбыз, – деп аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ақынбек Бектай мәселе көтерді.

Барлық ауданның ұсыныстары мен көтерілген мәселелерді облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы мақұлдап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір