• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:26:37
Алматы
+35°

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жиналыс залында, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбына арнайы департамент ұжымының алдында дәріс оқылды.

Жиында әуелі департаменттің жетекші маманы Бану Жүзбаева тақырып төңірегінде баяндама жасады. Өз баяндамасында ол сыбайлас жемқорлықпен күрес – дамушы елдердің күн тәртібінде алдыңғы қатарда тұратын ең маңызды мәселелердің бірі деп атап өтті. Сонымен қатар, баяндамашы еліміздің «Қазақстан- 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер ретінде көрсетілгені жайлы айтты. Бұған Елбасы Н.Ә.Назарбаев және де ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев аса көңіл бөліп, бұл дертті жоймай толық даму мен өсіп өркендеу мүмкін емес деп айтып өткен болатын.

– Сондықтан, елімізде осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымды білдіретін 2014 жылы 26 желтоқсанда 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған болатын.

Стратегияның мақсаттары ретінде жемқорлық көлемін азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы, квазимемлекеттік және жеке секторлардың ашықтығы келесілер айқындалған.

Осылайша, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс. Қоғамдық өмірдің барлық салаларына еніп кеткен бұл індеттің алдын-алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан.

Мәселен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Осыған орай, Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жемқорлықтан ада өңір қалыптастыру керектігі туралы тапсырмасына сәйкес тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында барлық өңірде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылған болатын, – деді Б. Жүзбаева өз сөзінде.

Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленетіні айтылды.

Жалпы, дәріске қатысқан департаменттің 53 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы үкімет тарапынан қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабардар болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір