• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:12:01
Алматы
+35°

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының артуына зор серпін беретін жетекші салалардың бірі. Сондықтан да бүгінгі таңда осы бағыттың дамуына ерекше көңіл бөлініп, цифрландыру жұмыстары қолға алынуда. Аталмыш сала Жамбыл облысында да құлашын кеңге жайып келеді. Оның бір дәлелі ретінде күні кеше Қордай ауданындағы Қақпатас ауылында Алматы қаласынан арнайы келген мамандар шаруа қожалықтарының иелерімен кездесу өткізді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығына» қарасты Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми зерттеу институты еліміздің әр түкпіріндегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, тренинг өткізіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз септігін тигізуде. Жақында аталмыш орталық өкілдері ауданымызға да табан тіреп, жергілікті ауыл шаруашылығы саласын кәсіп еткен жандармен кездесті. Кездесудің басты мақсаты МТФ моделі бойынша сүтті ірі қара малын дұрыс азықтандыру турасында болды. Жиында алғаш болып сөз алған «ҚазМШжЖӨҒЗИ» ЖШС-нің «Сүтті ірі қара мал технология» бөлімінің басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Н.Сейдалиев сүт фермаларында өндірістік процестерді басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыру бойынша баяндама жасады. Ал, жем-шөп базасы сүтті мал шаруашылығын табысты дамытудың негізгі жайына тоқталған ҚазМШжЖӨҒЗИ-нің кіші ғылыми қызметкері Ш.Асқарова Қазақстандағы сүтті мал шаруашылығының ерекшелігін атап, егжей-тегжей түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, баяндамашы өнеркәсіптік сүт өндірісіне де тоқталып, сүтті бағыттағы малды ұстау жүйесі мен тәсілдерін талдап, мал азығын өндіруді ұйымдастыру және мал азығын тиімді пайдалану мәселесін де тілге тиек етті. Семинарға арнайы келген жетекші ғылыми қызметкер Б.Өмірзақов ірі қара малды бордақылаудың тиімді технологиясы жайында баяндама жасады.

Ірі қара малды бордақылау жайы әркімді қызықтырмай қоймасы анық. Кездесуге келген шаруа қожалықтарының иелері осы тақырыпта өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған Б.Өмірзақов тұшымды жауабын беріп, бұл тақырыпты кеңінен қамтыды. Ал, кездесуге қатысушыларды тағы бір қызықтырған мәселе сүтті ірі қара малын азықтандыруда жем-шөпті тиімді қолданудың жолдары болды. Бұл жайында жетекші ғылыми қызметкер М.Қалмағамбетов кеңінен баяндады.

Сондай-ақ, көбеюдің заманауи әдістерін қолданудың әртүрлі тәсілдерін салыстырмалы талдау, сиыр учаскелеріндегі климатты бақылауды оңтайландыру, тауарлы сүт фермаларын жылумен қамтамасыз ету жүйелері мен сүт фермаларындағы экономикалық көрсеткіштер мәселесі де кеңінен қаралып, ол туралы арнайы келген мамандар тоқталып, келушілерден түскен сұрақтарға жауап берді. Осыдан кейін кездесушілер «Қақпатас-Қордай» ЖШС сүт фермасында болып, ферма басшысы Дүйсехан Қошалиев қонақтарды заманауи технологияны қолданып отырған ферманың жұмысымен таныстырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір