• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:17:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Бұқаралық спортқа басымдық берілуде

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының «Қоғамдық кеңістіктерді, парктерді, скверлерді және т.б., оның ішінде бұқаралық спортпен және дене шынықтырумен айналысу үшін абаттандыру бойынша шаралар кешенін қабылдау» 56-тармағын іске асыру мақсатында биыл Жамбыл облысының Талас ауданында аймақтық жол картасы жасақталып, бекітілді. Әрі бұл міндет аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасындағы келісімдердің түйінді нысаналы индикатор көрсеткіштерімен де сабақтасып отыр.

Жалпы 2019 жылы аудандық аймақтық жол картасы аясында 6 спорт нысаны айқындалды. Олар Берікқара, Қызыләуіт, Қаратау, Тамды, С.Шәкіров ауылдық округтерінде спорт алаңшаларын, яғни стритворкаут, кіші футбол алаңшаларын орнату және Үшарал ауылдық округінде спорт кешенінің қолданысқа беру бойынша әзірленген.

Қазіргі кезде демеушілер есебінен Қызыләуіт ауылында «Стрит воркаут» спорт алаңшасының құрылысы толық аяқталып, жергілікті тұрғындардың игілігіне берілді.

Бүгінгі күнге тұрғындардың, оның ішінде жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына қолжетімділігін арттыруда 211 спорт нысаны анықталды. Оның 70-і Қаратау қаласында болса, 141-і ауылдарда.

Оларда тұрғындар үшін арнайы кестелер жасалып, ол кестелер жергілікті газетте жарияланды. Жалпы, қолжетімді спорт нысандарының саны 2018 жылмен салыстырғанда 99-ға өскен. Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдану мақсатында спорт нысандарға қолжетімділігін арттыру үшін тұрақты мониторинг жүргізу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде 7 спорт мекемелері жұмыс атқарып келеді. Оның ішінде: 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Жұлдыз» аула және балалар жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубы және «Дене шынықтыру сауықтыру кешені» қызмет етуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында аудан әкімінің қолдауымен ауыл жасөспірімдерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ойық ауылдық округінде «Ойық ауылындағы балалар мен жасөспірімдер аула және дене шынықтыру спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, қазіргі танда жұмыс атқаруда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір