• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:43:12
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Шуда спорт нысандары көптеп салынуда

Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандықтардың 30 пайызға жуығын бұқаралық спортпен қамту туралы тапсырмасы Жамбыл облысында жүйелі жүзеге асуда. Әсіресе, Шу ауданыда атқарылып жатқан жшаруалар көптің көңілінен шығуда. Өйткені, аймақта жаңа спорт нысандары көптеп салынуда. Бұл іске жекелеген азаматтардың да үлес қосып жатқаны қуантады. Мысалы, Сауранбаевтар әулетінің демеушілігімен 2018 жылы Ескішу тірек ауылдық округі, Белбасар ауылында зәулім спорт кешенінің құрылысы басталған. Бұл нысан 200 келушіге арналған. Мұнда 4 спорт залы қамтылатын болады. Оның біреуі ойын залы болса, қалғандары күрес, бокс, ауыр атлетикаға арналған. Жаңа нысанның құрылысы үшін 0,26 гектар жер телімі бөлініп берілді. Ал ғимараттың жобалық сметалық құны 550 миллион теңгені құрайды.

Нақтырақ айтқанда нысанның құрылыс жұмыстары 2018 жылдың 29 сәуірінде басталды. Бүгінде біраз жұмыстар еңсеріліп қалған.

Сонымен қатар «Қосқұдық» мөлтек ауданындағы стадионның жөндеу жұмыстары 2019 жылға жоспарланған.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан 3,5 ммиллион теңгеге жобалық сметалық және сараптама құжаттары толығымен дайындалған. Жобалық сметалық құжаттарды «КМС Оптима» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайындаса, сараптама қорытындысын «ГЕО Нур құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірледі. Құрылыстың жалпы сметалық құны 57 миллион теңгені құрайды.

Бұдан бөлек биыл Төле би ауылында Шу-Бұрыл Байтал автожолы бойынан дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған құрылысқа Төле би ауылынан 1,5 гектар жер телімі бөлінген. Жобалық сметалық құжаттарды дайындауға жергілікті бюджеттен 3 миллион 400 мың теңге бөлінген. Құрылыстың сметалық құны 295 миллион теңгені құрайды.

Бүгінгі күнге аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2019 жылдың 29 мамыр күні конкурс жарияланып, 2019 жылдың 6 тамыз күні ашылды. Конкурс жеңімпазы ретінде «Тараз құрылыс инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен 2019 жылдың 12 тамыз күні келісім-шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда құзырлы мекемелермен құжаттарды сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір