• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:43:37
Алматы
+35°

Елбасы- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы межелі міндеті жамбылдықтарға да тың серпін бергені сөзсіз. Осы орайда Талас ауданында да саламатты өмір салтын серік ететіндердің қатары жылдан жылға артып келеді. Бұл бағытта өткізіліп жатқан іс-шаралар өз нәтижесін беруде.

Мысалы, былтыр аудан бойынша әр-түрлі деңгейде 165 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 11 мыңнан астам адам тартылған.

Оның ішінде дене шынықтыру және спорт және білім бөлімі бірлесіп өткізіп келе жатқан аудандық «Мектеп Лигасы» спорттық ойындарына 500-ге жуық оқушы қатысты.

Сонымен қатар, спортпен айналысушылардың қолдауына ие болып жүрген спорттың қарапайым түрлері бойынша «Аула ойындарының» да тиімділігі мол. Ойын бағдарламасына қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп және секірмек сияқты спорттың жылдам қимыл түрлері енгізілді, бұл жарыстарға 350-ге жуық адам қатысты.

Ауданда бұқаралық сипат алған «Көше ойындары» жарыстары жалғастырылып, спорттың 6 түрін қамтыды. Жарыстың аудандық, қалалық және ауылдық іріктеу сынына 800-ге жуық спортшылар тартылды.

Сонымен қатар, арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы спартакиадалар, қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ауылдық, аудандық іріктеу жарыстары, мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада, аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының арасындағы кіші футболдан аудандық турнирі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, асық атудан «Алтын сақа» ауылдық, аудандық жарыстары, «Әкем, анам, мен және біздің спорттық отбасы» ойындары мен басқа да көптеген бұқаралық сипаттағы жоспарлы іс-шаралар өткізілді.

Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қысқы тестілеріне 2018 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 31,0 пайызы немесе 17 мың адам қатысты.

Аталған жарыстардың барлығы – ауданда бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануларына өз септігін тигізді.

Бүгінгі таңда ауданда спорттық резервтерді дайындау мақсатында Қаратау қаласы мен ауылдарда 5 спорт мекемесі жұмыс атқарады.

Осы спорт мекемелерінде спорттың 18 түрі қамтылған. Оның ішінде 11 олимпиадалық, 5 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір