• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:04:50
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде ұлтаралық татулық пен конфессия аралқ келісім берік орнықты. Бүгінде кең байтақ қазақ даласында 130-дан астам этностың өкілі бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан трақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында татулық пен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға айрықша назар аударды.

Осы орайда жаңа мешіттердің ашылуы да жақсылықтың нышаны іспеттес. Күні кеше Шу ауданының жұртшылығы осындай қуанышты сәттердің куәсі болды.

Алдымен Алға ауылдық округіне қарасты Сауытбек ауылында «Асайын кәлпе» атындағы мешіттің ашылу салтанаты өтті. Аудан жұртшылығы жиналған шараға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы келіп, мешіттің лентасын қию рәсіміне қатысты. Өз кезегінде меценат та мешіт құрылысына қол ұшын тигізген азаматтарға алғыс білдіріп, сыйлық тапсырды.

Сонымен қатар Шу қаласынының Батыс мөлтек ауданында келбеті келіскен «Кәрібай молда» мешіті өз жамағатына есігін айқара ашты.

Көптің көмегімен, демеушілердің қолдауымен біткен мешіттің ашылуына Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы келіп, ашылу рәсіміне қатысты.Құрметті Құран оқылуымен басталған шараға, құтты болсын айтып, қуанып келген жамағаттың қатары көп болды. Республикалық мәндегі жолдың бойында орын тепкен бұл мешітке қиын қыстау кезеңде дін үйретіп, ұстаздық еткен Кәрібай молданың есімі берілді. Ашылу салтанатында келген Кәрібай молданың ұрпақтары, көзін көрген кісілер мен құда жегжаттары сөз сөйлеп, баталарын берді.Құттықтаулардан кейін мешіттің лентасын қию рәсімі өтіп, жамағат мешіттегі алғашқы намазын оқыды. Онан бөлек осы шарада кір тасын көтеру, қой көтеру сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтіп, жиылған жұртқа ас берілді. «Кәрібай молда» мешіті қаладағы 4, аудандағы 28 мешіт болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір