• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:40:39
Алматы
+35°

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында көшпелі өркениетіміздің ежелгі ірі тарихи тұлғаларын насихаттау мақсатында «Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты тарихи марафон өткізілді.

Тарихи марафонда Әбу насыр Әл-фараби, Абай Құнанбаев, Т.Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, тағы да басқа ұлт тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған, елінің сан ғасырлық мұрасына еңбегі сіңген перзенттерінің ұрпағына қалдырған еңбектері кеңінен насихатталды.

Сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 18 қазан - Қазақстан Республикасы Рухани келісім күніне орай жас ұрпақтың бойына діни салауаттылықты қалыптастыру мақсатында «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілікпен пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында Жамбыл медициналық колледжінің 3 курс студенттері мен ұстаздарының қатысуымен ойталқы өтті.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері экстремизм-надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарас екенін, орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана әрекет жасаушы ұғым екеніне тоқталып, арнайы бейнематериалды студенттер назарына ұсынды. Рух кемелденуі үшін, әрбір адам ибалы, қоғам иманды болу керектігі де айтылып, ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ» өлеңінен үзінді оқылды.

Сондай-ақ Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мектеп оқушыларымен қызықты жиын өтті.

Тараз қаласындағы №32 орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысқан «Бүгінгі қазақ поэзиясының: жетістіктері мен олқылықтары» атты пікірталастың мақсаты – оқырмандарды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ойын жетік, толық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағыттау. Іс-шара барысында қазақ поэзиясы туралы мағлұмат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Оқырмандар екі топқа бөлініп пікірталас алмасып, өздерінің ұтымды жауаптарын айтып, әр топ өлең жолдарын оқыды.

Рухани жаңғыруға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір