• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:36:57
Алматы
+35°

Күні кеше 20 жылдық мерейтойын атап өткен «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздегі химия өнеркәсібінің алыбы саналады. Іргелі өндіріс ошағы Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында өз жұмысын нықтай түскен.

– Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС-нің балансында бірқатар әлеуметтік нысандар бар. Оларды дамыту және жетілдіру үшін тек 2018 жылдың өзінде 453,8 миллион теңге жұмсалды. Сондай-ақ 2011 жылдан бастап 52 тұрғын үй учаскесінде жас қызметкерлерге арналған жатақхана пайдалануға берілді. Жыл сайын 2000-ға жуық жұмысшы мен олардың отбасылары арнайы диспансерде демалады. Ал жазғы маусымда 1000 балаға арналған «Жұлдыз» денсаулық сақтау лагері жұмыс істейді. Аталған жерде жұмысшыларымыздың балаларының демалуына барлық жағдай жасалған. Бұдан өзге Тараз және Жаңатас қалаларында спорттық кешендер мен алаңдар бар. Бұл қызметкерлердің бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін өте тиімді. Сонымен қатар компания кәсіподақ ұйымдарымен белсенді түрде жұмыс істейді. Өз кезегінде жұмыс беруші кәсіподақ қызметкерлерін өз өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғаннан кейін бұрынғы немесе баламалы жұмысын қамтамасыз етуге кепілдік береді. Еңбекшілердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында қолайлы еңбек жағдайларын жасау үшін өткен жылы «Қазфосфат» ЖШС және еңбек ұжымы арасында жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды. Мұның барлығы жұмысшылардың еш алаңсыз жұмыс атқаруы үшін жасалынып жатқан жағдай, – дейді серіктестіктің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров.

Ел аумағында Д.Менделеев кестесінің барлық дерлік элементтері бар. Оның ішінде біздің өңірдің де әлеуеті жоғары. Бұл осы саладағы қызметкерлердің жұмысты жемісті етіп, әрі қарай терең ғылыми зерттеулерді жалғастырулары қажет-ақ. Сондықтан компания өз қызметкерлеріне барынша көңіл бөліп, ілкімді іс тындыруына жол ашып отыр. Қызметкерлер заңнамада қосымша мерекелер, медициналық және профилактикалық тамақтану, сүт, киім, жеке қорғаныс құралдары түріндегі барлық жеңілдіктерді алады екен. Бұдан басқа, компания барлық салаларда өндіріске жұмыскерлерді көлікпен тасымалдау бойынша шығынды өз мойындарына алған. Өткен жылы осы шараға 220 миллион теңгеден астам қаржы бөлініпті. Сондай-ақ қызметкерлерге материалдық көмек те көрсетіледі. Бұл бағытта жыл сайын 166 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылады екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір