• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:20:42
Алматы
+35°

Елбасы айқындап берген индустрияландыру саясаты Әулиеата өңірін химия өнеркәсібі мықтап дамыған аймақтардың біріне айналдырғаны сөзсіз. Облыста осы сала бойынша ілкімді істер жасалынып, өңір экономикасының ілгерілеуіне өзіндік септігін тигізіп келеді. Мәселен, соңғы жылдары кеншілер қаласы Жаңатаста тәуелсіздіктің елең-алаңында тұралап қалған өндіріс ошақтарына жан бітіп, қайта жаңғыра бастады. Салаға серпін әкелген «ЕвроХим» минералдық-химиялық компаниясының бүгінде жұмысы жүйеленіп, зауыт өндірістік қуаттылығын арттыру үшін жаңа жобаларды қолға ала бастаған.

Жалпы, 2010 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі Көкжон және Гиммальфарбс фосфор кен орындарын игеру бойынша конкурс өткізген. Осы орайда, еліміз үшін «ЕвроХим тыңайтқыштары» компаниясы стратегиялық маңызды жобаларын ұсынып, кеншілер қаласында жұмысын бастап кеткен еді. Негізінен, аталған компания жобасының дамуы тұтастай алғанда өңірдің өркендеуіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығын сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, саладағы өнімділіктің артуына жағдай жасамақ.

2012 жылы ҚР Үкіметі мен «ЕвроХим» арасында «Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштар өндірісі және Қаратау фосфат бассейнін игеру бойынша зауыт құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру туралы тарихи келісімге қол қойылып, кен өндірудегі жұмыстарын бастап кеткен-тін.

– 2013 жылы Түркістан және Жамбыл облыстарындағы екі фосфат кенін игеруді бастадық. Кен орнында өндіріс 2014 жылдың басынан бастап жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Қытай және Орталық Азия нарығындағы калий сульфаты мен күрделі тыңайтқыштарды өндіретін кәсіпорын құру жоспарланып отыр. Бүгінде компания кальций хлориді, кальций сульфаты және күкірт қышқылының қажеттіліктері үшін дикальций фосфатын өндіреді. Біздің өндірістік активтер Ресейде, Литвияда, Бельгияда, Қытайда, Бразилияда орналасқан. 25 елдегі сату кеңселері 100-ден астам елдердің клиенттеріне қызмет көрсетеді. Өздерінің теңіз терминалдары мен вагон паркі логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар компания азот пен фосфат тыңайтқыштарын шығарып, калий кен орындарын игеруді бастады. Компанияның барлық өнімдері стандартты, яғни жалпы мақсаттағы тыңайтқыштар және ұзақ уақыт қолданылатын тыңайтқыштар мамандандырылған тыңайтқыштар, – дейді компания басшысының ішкі және сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі Эльмира Күзен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір