• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:30:20
Алматы
+35°

Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында да бұл салаға айрықша басымдық берілді.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында да бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Сол қатарда Сарысу ауданында да тындырымды тірліктер тіктелуде. Аталмыш аймақта спорт саласы жылдан жылға қарқынды даму үстінде.

Әсіресе, спорттық нысандардың қолжетімдігін арттыру мақсатында жеке кәсіпкерлердің әлеуетін пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Мысалы, 2009 жылы Жайылма ауылындағы жеке кәсіпкер Ж.Тоғызақбаевтың жеке қаржысына салып берген спорт кешеніне Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі орналасып, ел игілігіне қызмет атқаруда.

Сонымен қатар 2016 жылы Досбол, Саудакент, Қамқалы, Ұ.Сыздықбаев, Тоғызкент ауылдарында жасанды кіші футбол спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Ал 2017 жылы Жаңатас қаласындағы бокс мектебінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек 2018 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Игілік ауылдық округіне екі «Street Workaut» алаңшасы салынды.

Қазіргі таңда Сауданкент ауылында «Street Workaut» алаңшасын, Жаңатас қаласында әмбебап спортық алаңшасын салу жұмыстары жалғасын табуда.

Сондай-ақ ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында әралуан шаралар өткізіліп келеді. Биылдың өзінде ұлттық спорт түрле ібойынша 22 шара ұйымдастырылған. Оның 12-сі ауылдық округтерде өткен. Осы шараларға барлығы 960 адам қамтылыпты.

Ал саламатты өмір салтын насихаттау бағытында жыл басынан бері 105 шара ұйымдастырылған. Оның 51-і ауылдық округтере өткен. Бұл бағыттағы шараларға 7500 адам тарлыпы, атсалысқан. Сонымен қатар кешенді спорттық іс-шаралар, яғни спартакиадар ұйымдастыру да жақсы жолға қойылған. Жыл басынан бері осындай форматта 6 жарыс ұйымдастырылған. Оларға 800 адам қамтылыпты. Жалпы, жыл ішінде 134 іс-шара ұйымдастырылып, оларға 9260 адам қатысқан.

Әрине, бұл үлкен жұмыстардың бір парасы ғана. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір