• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:47:02
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін Қазақстан халқының кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндеті Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында өз деңгейінде жүзеге асуда. Мысалы, 2011жылы жергілікті жерде спортпен шұғылданушылар саны 5950 адам немесе 18,5 пайыз болған.

Ал облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен аудан әкімінің арасындағы келісілген түйінді нысаналы индикатор бойынша 2019 жылдың 1 жарты жылдығында жоспарланған аудандағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың қатары 9393 адамды немесе 29 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 128 адамға өсіп отыр.

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №19 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2000 жылы ашылған. Аталған спорт мектебінде бүгінгі таңда спорттың 7 түрінен, атап айтқанда қазақ күресі, еркін күрес, бокс, волейбол, баскетбол, футбол және дзюдо және бөлімдері жұмыс атқаруда. Барлығы 24 жаттықтырушы, 644 спортшы атап айтсақ, қазақ күресінде 10 жаттықтырушы 262 спортшы, еркін күресте 1 жаттықтырушы 46 спортшы, бокс бөлімінде 3 жаттықтырушы 92 спортшы, волейбол бөлімінде 4 жаттықтырушы 86 спортшы, баскетбол бөлімінде 2 жаттықтырушы 35 спортшы, футбол бөлімінде 3 жаттықтырушы 94 спортшы, дзюдо бөлімінде 1 жаттықтырушы 29 спортшымен жүйелі түрде шұғылданады.

Мойынқұм ауданы өткен ғасырдың 80 жылдары екі мәрте Еңбек ері атағын иеленген, даңқты шопан, «Шопандардың маршалы» атаңған жерлесіміз Жазылбек Қуаншыбаев атындағы қазақ күресінен республикалық турнирдің, халықаралық дәрежеге дейін көтерілген өңір. Аталған республикалық турнирде Әшімхан Сатыбалдиев, Ыбырай Молдабаев, Рысманап Шаңлақбаев сынды палуандар әр кездері жеңімпаз атанған.

Сол ағалардың ізбасарлары, ауданның спортшылары Республикалық, облыстық және ауданаралық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтсақ, самбо күресінен жастар арасында Монғолияда өткен Азия чемпионатында Оңалбай Жұмадулла чемпион атанды және Грузияда өткен Әлем чемпионатында екінші орын алды. Облыс, Республика көлемінде Қазақ күресінен Нәзімхан Наурызбай, Оразалы Жандәулет, Алпысбай Еркін, Оңалбай Жұмадулла, Тыныш Сырым, Жұмаділ Елдияр, Жасұлан Жарас, Тілепберген Шынғыс, Әзімхан Ерхан, Орманқұл Өрісбай, еркін күрестен Батырхан Нұртай, Шоқпарбек Нүркен, Шәкірбек Санжар, Сабырхан Мейірхан, Дінисламұлы Нұрислам, бокстан Қазақтан республикаының чемпионатында мойынқұмдық Мейрам Болашақ 1 орын алып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ ересектер арасында Аділбеков Бекмұхан қазақ күресінен Азияның екі дүркін чемпионы, Дүйсенов Ринат қазақ күресінен Азияның қола жүлдегері, Ерболұлы Абай қазақ күресінен «Қазақстан Барысы»

Республикалық турниріне қатысушы, Исақ Нұрзат, Отарбаев Самат, Ынтықбаев Серікболсын, Рахманқұлов Төлебай, Зарықбай Сұлтан, Сейтбекұлы Саян, Тілепберген Шынғыс қазақ күресінен, Шалтаева Фариза бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері атанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір