• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:33:26
Алматы
+35°

Елбасы- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы межелі міндеті жамбылдықтарға да тың серпін бергені сөзсіз. Осы орайда Талас ауданында да саламатты өмір салтын серік ететіндердің қатары жылдан жылға артып келеді. Бұл бағытта өткізіліп жатқан іс-шаралар өз нәтижесін беруде.

Мысалы, былтыр аудан бойынша әр-түрлі деңгейде 165 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 11 мыңнан астам адам тартылған.

Оның ішінде дене шынықтыру және спорт және білім бөлімі бірлесіп өткізіп келе жатқан аудандық «Мектеп Лигасы» спорттық ойындарына 500-ге жуық оқушы қатысты.

Сонымен қатар, спортпен айналысушылардың қолдауына ие болып жүрген спорттың қарапайым түрлері бойынша «Аула ойындарының» да тиімділігі мол. Ойын бағдарламасына қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп және секірмек сияқты спорттың жылдам қимыл түрлері енгізілді, бұл жарыстарға 350-ге жуық адам қатысты.

Ауданда бұқаралық сипат алған «Көше ойындары» жарыстары жалғастырылып, спорттың 6 түрін қамтыды. Жарыстың аудандық, қалалық және ауылдық іріктеу сынына 800-ге жуық спортшылар тартылды.

Сонымен қатар, арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы спартакиадалар, қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ауылдық, аудандық іріктеу жарыстары, мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада, аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының арасындағы кіші футболдан аудандық турнирі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, асық атудан «Алтын сақа» ауылдық, аудандық жарыстары, «Әкем, анам, мен және біздің спорттық отбасы» ойындары мен басқа да көптеген бұқаралық сипаттағы жоспарлы іс-шаралар өткізілді.

Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қысқы тестілеріне 2018 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 31,0 пайызы немесе 17 мың адам қатысты.

Аталған жарыстардың барлығы – ауданда бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануларына өз септігін тигізді.

Бүгінгі таңда ауданда спорттық резервтерді дайындау мақсатында Қаратау қаласы мен ауылдарда 5 спорт мекемесі жұмыс атқарады.

Осы спорт мекемелерінде спорттың 18 түрі қамтылған. Оның ішінде 11 олимпиадалық, 5 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар.

Сонымен қатар, аудандағы спорт мекемелерінде 2028 спортшымен 50 - оқытушы-жаттықтырушы жасөспірімдерді спортқа баулып, оларға спорттың қыр-сырын үйретумен айналысады.

Қазіргі таңда аудан спортшылары облыстық, республикалық құрама командалар құрамында 18 спортшы еніп отыр.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 спортшыға артып отыр Яғни, аудандағы балалар жасөспірімдер спорт мектептері мен жаттықтырушылар алға қойған мақсаттарын орындап келеді.

Ал, жыл басынан 3 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 5 спортшы «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үмітер» және 2 төреші «Ұлттық дәрежедегі төреші» атақтарына ие болды.

Аудан спортшылары әр түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда жалпы 47 медальға қол жеткізді.

Сонымен қатар, аудандағы құзырлы органдардың есебінде тұрған «Қиын тобындағы» кәмелетке толмағандар арасындағы жүйелі жұмыстар өткізу назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі танда есепте тұрған 19 кәмелетке толмаған балардың 10-ы әр түрлі спорттық үйірмелерге тартылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір